«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер кеңесі аудандарда қайырымдылық акциясын өткізді

2021 жылғы 02 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4936 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында Іскер әйелдердің аудандық кеңестері мүмкіндігі шектеулі балалар мен бала күтушілерін Алғыс күнімен құттықтады

Әйелдер – бизнес қауымдастықтың ең әлеуметтік жауапты өкілдері екені белгілі. Халықтың осал топтары үшін әр түрлі іс-шараларды өткізуде аналық мейірім таныту маңызды рөл атқарады, сондықтан біздің іскер әйелдер мұқтаж жандарға көптеп көңіл бөлуге тырысады.

 «Алғыс айту күні іскер әйелдер, әсіресе ауылдағы қыз-келіншектер әлеуметтік белсенділік танытып, аз қамтылған отбасыларындағы балаларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Әрине, қазіргі кезде әйел кәсіпкерлігі де қиын кезеңді өткеріп жатыр, дегенмен, олар бизнес дамуының бастауында болуға тырысады. Бүгін әлеуметтік кәсіпкерлік жақсы дамып жатыр, Шығыстағы ханымдар жобаларын осы бағытта ашуда», – деді ШҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова.

1 наурыз күні Ұлан ауданында Айыртау ауылы тұрғындарымен кездесу өтті. Атап айтқанда, Ұлан аудандық Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері ерекше балалармен тілдесіп, мерекеге орай оларға сыйлықтар табыс етті. Өңірлік палатаның аудандық филиалы «Бәрі рахмет үшін» жәрмеңкесін өткізуге киім-кешек жинау акциясына қатысты.

 «Ұлан ауданы бизнес-қоғамдастығының атынан осы акцияны ұйымдастырған ханымдарға, атап айтқанда, Бақытгүл Мұсина, Сұлухан Ағзамова, Салима Қалеловаға алғыс білдіргіміз келеді. Сіздердің жерлестерге, әсіресе балаларға деген ықыластарыңыз үшін рахмет! Кәсіптеріңіз табысты бола берсін, сіздерге зор денсаулық, сәттілік және көктемгі көңіл күй тілейміз!» – ӨКП Ұлан аудандық филиалдың директоры Әсел Құсметова.

Күршім ауданындағы Іскер әйелдер кеңесі Алғыс айту күні мүмкіндігі шектеу балалардың күндізгі станционарына барды. Кәсіпкерлер стационардағы ханымдарды мерекемен құттықтап, атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс білдірді, сыйлықтарын табыстады. Балаларға тәттілер мен гигиеналық құралдарды сыйға тартты.

 «Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Нұрымхан Долданова, Арай Мәселова және Альмира Мұқалиеваға ерекше алғыс айтамыз, олар сыйлықтарды жинап, балалар мен стационар қызметкерлеріне қуаныш сыйлауға тырысты», – деді ШҚО ӨКП Күршім аудандық филиалдың директоры Светлана Кудедаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер