«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда бизнеске жеңілдік қарастыратын қаулы дайындалып жатыр

2020 жылғы 10 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
6800 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құрылымды ынтымақтастықты жолға қойды. Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес-қоғамдастықтың айтқан ұсыныстары назарға алынып, ШҚО бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрініс таппақ

 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бейне байланыс режимінде (Zoom) Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаевпен дәстүрлі апта сайынғы кездесу ұйымдастырылды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәрипбек Шәкербек бизнес-қауымдастықтың азық-түліктік емес сауда объектілері мен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне қатысты шектеулерді одан әрі жеңілдетуге қатысты ұсыныстарын айтты.

 Атап айтқанда, мәселе ауыл бизнесі туралы көтерілді, соңғы қаулыда ауыл бизнесі ірі қалалар нысанына теңдестірілген. Алайда ауылдағы бизнестың табысы аз – қаражат айналымы 500 мың теңгеден ары аспайжы. Бұдан бөлек, келуішер ағыны қалада орналасқан сауда орталықтарынан айырмашылығы бар: егер ауыл дүкеніне күніне 5-10 адам келсе, қала дүкеніне – 50-100 адам барады. Осы ретте сатып алу қабілеті де ауылда төмен.

«Бізге аудандар мен моноқалалардағы кәсіпкерлерден жексенбі және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы өтініштер келіп түсуде. Мәселен, Жезкент кентіндегі кәсіпкер Ирина Цупконың дүкенінің ауданы шамамен 50 шаршы метрді құрайды,  ал келушілер саны күніне 4-5 адамды ғана құрайды»,– деді Мәрипбек Шәкербек

 

Қоғамдық тамақтандыру нысандарына келетін болсақ, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салу кедергі болып отыр. Жеткізу және өз бетінше алып кету іс жүзінде кәсіпкерлердің, әсіресе ауыл тұрғындарының мәселелерін шеше алмай отыр.

 

  «Ауылдық жерде тамақ жеткізу кең таралмаған, сәйкесінше кәсіпкер шығынданады. Бұдан бөлек, сауда нысандарына жұмыс істеу рұқсат бере отырып, қоғамдық тамақтану саласына тыйым салу дұрыс есе деп санайды кәсіпкерлер, өйткені адамдар сауда жасаған соң әдетте тамақтанады», – деп атап өтті ШҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бақытжан Майжеринов.

Түнгі клубтар проблемасы да көтерілді, кәсіпкерлер күндер бойынша және түнгі 2-ге дейін шектеусіз жұмыс істеуге оның ішінде такси қызметі жұмыс уақытын ұзартуға рұқсат беруді сұрайды. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы құжаттарға сәйкес тамақтану нысандары ретінде көрсетілген бір немесе бірнеше түнгі клубпен пилоттық келісімшарт жасауды ұсынды.

«Еегер екі апта ішінде санитарлық дәрігердің барлық талаптары орындалатын болса, әрі бұзушылықтар орын алмаса – онда осындай келімсімдер негізінде аталған нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Егер бірлі-екілі бұзушылықтар тіркелсе – онда нақты бұзушыларды жазалау керек, яғни нүктелі жұмыс істеу керек. Осы ұсынысты қарауды сұраймыз», – деп сұрады ӨКП директоры Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілінен.

Палата мамандарының пікірінше, аталған ұсыныстарды  «Атамекен» ҰКП әзірлеген қызыл, сары және жасыл аймақтар бойынша критерийлер призмасы арқылы қарастырылуы керек. Айта кетелік, жоғарыда аталған критерийлерді әзірлеу туралы ұсынысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі қызметтері мен сауда комитетінің мүшелері жасады. Ұсыныстар басқа өңірлер мен «Атамекен» ҰКП  орталық аппарат тарапынан қолдау тапты. Ал  2020 жылдың 30 қарашасында оларды ведомствоаралық комиссия мақұлдады және облыстардың барлық мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлері міндетті түрде орындауға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев өңір 10 күндей сары аймақта екенні айтып, осыған байланысты департамент ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының Хаттамасына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерін ескере отырып, бірқатар жеңілдіктер енгізу туралы мәселені қарастыруда.

 «Ертең қаулы жобасын әзірлеу жоспарланған, ары қарай қаулы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына жіберіледі. Риддер, Алтай ауданы, Глубоковский ауданы бойынша шектеуді жеңілдету қарастырылған, өйткені жағдай тұрақтанып келеді. Облыс ішіндегі автобус қатынастар жаңартылып, тасымалдаушылармен меморандум жасау жоспарланған», – деді Талғат Тұңғышбаев.

Ауылдық жерлерде азық-түліктік емес тауарлар саудасының саласы да жеңілдік алады. Осылайша, азық-түліктік емес дүкендерге апта күндері, оның ішінде жексенбі мен мереке күндерін шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беру жоспарланып отыр.

«Эпидемиологиялық ахуалды қараймыз. Біз сары аймақ деңгейі тұрақты, енді жеңілдіктер жасалады», – жеп уәде берді Талғат Тұңғышбаев.

 ӨКП-ның қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты ұсынысы қарастырылуда. Сонымен бірге, сары аймақта орналасқан түнгі клубтар, банкет залдары, бильярд жұмысына тыйым салу сақталатындығына назар аударылды.

 Жаңажылдық корпоративтер мен бұқаралық іс-шараларға да рұқсат жоқ.

 «Жаңа қаулы сары аймақ критеорийлеріне сай болады», – деді Талғат Тұңғышбаев.

Өз кезегінде, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Талғат Кахарұлына құрылымды диалог үшін алғысын білдіріп, бірлескен жұмыс арқылы  COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін бизнестің мүдделері мен қабылданған шектеулерде теңгерім жасалатынына сенім білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер