«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан экспорттаушыларының назарына!

2020 жылғы 20 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
6118 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін Қытайға жүк тасымалдауда тыйым салу шараларының енгізілгені туралы хабарлайды.

 Қазақстанның теміржол желісінің ең ірі операторы «Қазақстан темір жолы» АҚ  түйіршіктерді тасымалдауға арналған үлкен сөмкелерде          (биг бэг), контейнерлерде және ашық вагондарда жүктерді тасымалдаудан  басқа, ағымдағы жылдың 23-30 қараша аралығында Қытай бағытында Достық-Алашанькоу торабы арқылы жүк тиеуге тыйым салатын шараларды қабылдады.

24 қарашадан бастап 4 желтоқсанға дейін контейнерлердегі жүктерден басқа транзитті жүк тасымалдауға тыйым салынады. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шектеулерді Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық ауданының мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында енгізген және Қытай тарапына тауарларды қабылдау мен қайта тиеу кезінде бақылауды күшейту шараларымен байланысты.

 Жоғарыда аталған комиссияның шешімімен контейнерлерді міндетті түрде өңдеу және дезинфекциялау, бақылаушы органдармен әр вагоннан жүктің сынамасын алу тәртібі енгізілді. Бидайды қаптарда қабылдауға тыйым салу мәселесі қаралуда, өйткені әр вагонды ғана емес, әр қапты тексеруге алуда. Коронавирусқа ПТР-тестілеуге тәулік сайын өту енгізілген соң жүк тиеу орындарында жүкшілер саны күрт төмендеген. Осы ретте Қазақстанна келген пойыздарды шекарада бақылау уақыты артқан. Мұның бәрі тауарларды кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға қайта тиеуді уақтылы қамтамасыз етпеуіне әкелді.

 15 қарашадан бастап Қазақстаннан пойыздарды қабылдау 15-16 сағаттан 10-11 сағатқа қысқарды. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша ҚХР бағытында тиелген вагондардың саны өскен (10 мыңнан астам вагон), 6,5 мыңнан астам вагон тоқтап тұр.

 Қазіргі таңда ШҚО Кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша облыста ҚХР-ға теміржол көлігімен экспорт жүгімен айналысатын 112 экспорттаушы кәсіпорын бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер