«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда шаруаларға субсидиялау бойынша өтінімдерді қайта рәсімдеуге көмек берілді

2020 жылғы 09 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
6178 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық субсидиялаудың механизміне талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша АӨК субъектілерінің 1,5 мың өтініміне түзету мен қайта рәсімдеу қажет

АӨК бөлімі 2019 жылы инвестициялық субсидиялау бойынша өтінімдердің келіп түсуі, қаралуы және төлеу жүргізу процестері бақыланды. Талдау қорытындысы жалпы сомасы 16,5 млрд теңгеге келіп түскен 5 138 өтінімнің ішінен 3,9 млрд теңгеге 1 482 өтінім қабылданбады, 3,6 млрд теңге сомасында 637 өтінім кері қайтарылды. Осылайша өтінімдердің 30%-ы қандай да бір себептермен қабылданбады.

Мұндай факт  облыстағы ауылшаруашылығы өндірушілері түсіндіру жұмыстарына мұқтаж екенін, сонымен қатар ағымдағы жылы практикалық және әдістемелік көмекке зәру екенін дәлелдейді. Уақыт күтіп тұрмайды, өйткені субсидиялаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес ауылшаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық салымдарын өтеу мерзімдері шектеулі.

 Осыған байланысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және оның қалалар мен аудандарындағы филиалдары қазіргі таңда кері қайтарылған өтінімдерді, олардың кері қайтарылу себептерін анықтау бойынша жұмысты жүргізуде. Алынған мәліметтер негізінде кемшіліктер жылдам талданып, қажетті құжаттардың тізбесін сәйкестендіру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенмен жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың ақпан айында түзетілген өтінімдер субсидиялауға қайта жіберіледі.

 «Біз шаруаларға қоңырау шалып, қателіктерді көрсетіп, оларды алып тастау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, құжаттардың толық пакетін дайындауға көмектесеміз, осылайша шаруалардың өтінімдері ақпан айында ескертулерсіз қабылдануына жағдай жасалуда», – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің маманы Ғалиябану Сигаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер