«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтайда отбасылық бизнес Макаренко жүйесі бойынша өндірісті дамытуда

2019 жылғы 07 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
7468 просмотров

Украиналық сарапшы Виктор Макаренконың Алтай қаласындағы сабақтары Першин-Чилимовтардың отбасылық бизнесінің дамуына негіз болды.

«Бизнесті жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 4-бағыты шеңберінде Алтай қаласындағы жеке кәсіпкер Андрей Першин отбасылық бизнесті дамыту мақсатында «Аға сеньор» құрауышын пайдаланып көрді. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпорынға Украинадан білікті маман, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді технолог-әзірлеуші Виктор Макаренко келді. Маман Украина, Ресей, Әзірбайжан және Польшада жұмыс істеген, бай тәжірибесі бар.

Чилимовтардың Алтай қаласындағы бизнесінің 20-жылдық тарихы бар. Бүгінде кәсіпорында «Золотой рассвет» азық-түлік өндірісі кешені бар, сондай-ақ «Лукошко» атаумен бірнеше сауда нүктесі жұмыс істейді. Бизнес жартылай дайын өнімдер, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитер өнімдерін, бал күлшелерді өндіруге бағдарланған. Кәсіпорында отбасында ерлі-зайыпты Челимовтар және кіші қыздары жұмыс істейді.

 Чилимовтардың үлкен қызы Варвара және оның жолдасы Андрей Першин 2014 жылы «Першин А.В.» жеке кәсіпкерлігін тіркеп, ата-анасынан кондитерлік цехты жалға алады. Жас отбасының бұл саладағы тәжірибесі аз болғандықтан 2019 жылдың 19 қыркүйегі және 2 қазаны аралығында кәсіпорынға миссиямен аға сеньор шақырылды.

 «Сарапшы бізге көмектесті, өйткені балаларымыз кондитерлік өнімдер технологтары емес. Біз оларға көмектесуге тырысамыз. Виктор Григорьевич жаңа технологиялар, заманауи жабдықта қалай жұмыс істеу қажет туралы айтты. Әрине, маманға біздің жабдыққа қарай икемденуге тура келді. Өндірісте конвекциялық пештер болмағандықтан біз қажетті сапаны бере алмадық. Өндірісімізде 20 жыл бұрын алынған электронды пештер, әзірге оларды ауыстырмадық», – деді Варвараның анасы.

 Миссия кезінде жабдықты ауыстыру өзекті мәселеге айналды, Алла Чилимова бұл жұмысқа белсенді кіріспек. Кәсіпкер жуық арада «Еңбек» немесе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен жеңілдікпен несие алмақ.

 Ескі жабдық арқылы украиналық сарапшы жаңа технологияларды әзірлеп, нан-тоқаштарды әзірлеудің жаңа рецептілерімен бөлісті. Он күн ішінде наубайхана жұмысының сапасы мен тиімділігі, сондай-ақ наубайлардың еңбек өнімділігі арта түсті.

 «Жаңару процесі және өнім асорттиментін арттырып берді. Біріншіден, сарапшы салауатты нан-тоқаш тізбегі – фитнес-тоқаштар, ашытқысыз нан, күнбағыс дәні қосылған «Здравница» қара наны, «Докторский» кебек батон, сәбіз және қызылша қосылған «Алтай» булочкасын шығарды. Сұлы ұнынан жасалған печеньені де қоспаларсыз, табиғи геркулестен әзірлеуді үйретті. Барлығы жаңа технологиямен наубайхана бойынша 8 аталым, кондитерлік цехте 5-6 аталымды үйрендік», – деді Алла Алексеевна.

 Чилимовтардың наубайханасында 21 адам, Першиндардың кондитерлік цехтарында 14 адам жұмыс істейді. Виктор Макаренко әр қызметкермен  жекелей жұмыс істеді. Өндірістік процеске етене араласты. Жаңа технологияларды өндіріс өз бетінше жалғастырып, өндіріп жатыр.

 Қазіргі таңда миссия аяқталса да кәсіпорын сарапшымен онлайн арқылы байланыс орнатқан, жекелген рецептілер мен технологиялар бойынша ақылдасу іске асуда. Сонымен қатар, Виктор Григорьевич жеке кәсіпкерлікке әдістемелік қолдау көрсетуге және жаңа жабдықтар алудың ауқымын кеңейтуге уәде береді.

 «Білікті маманның көмектесуі үлкен олжа. Оның кеңес заманына қалған дағдылары мен ГОСТ бойынша рецептілері сақталған, сарапшы химияны қолданудан аулақ. Виктор Григорьевич бізге ұйытқы өсіріп берді, сүтті-қышқылды бактерияны 5 күн ұстап, ашытқысыз нан пісірді. Тамаша маман!», – дейді Анна Чилимова.  

Осыған дейін наубайханаға Түркиядан да сарапшы келген. Кәсіпорын жаңа технологияларды игеруде белсенді. Сарапшыдан көп нәрсе игерілді. Алайда түркиялық технологиялар мен рецептілер қымбат ингредиенттер мен жабдықты талап етеді. Өңірде мұндай өнімді алу кез келгеннің қалтасы көтер бермейді.

«Негізінен халық нан-тоқаш өнімдерінің арзан болғанын қалайды. Сондықтан украиналық сарапшымен салуатты нан-тоқаш тізбегі әзірленді. Бір сөбен айтқанда, білікті маманнан көп нәрсе үйрендік. Осындай мүмкіндікті ұйымдастырғаны үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына алғыс білдіреміз», –  деді Алла Чилимова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер