«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскемендік бизнес ханым ірімшіктің экзотикалық түрлерін пісіреді

2019 жылғы 21 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
7534 просмотров

Наталья Ивашкина екі жыл бұрын ірімшік пісірумен шұғылданып, табиғи таза өнімді дайындаудың технологиялық процестерін қызығушылықпен орындады

Қолдың ірімшігін жасаудан бұрын іскер келіншек танымал қазақстандық және ресейлік тренер-ірімшік жасаушылардың шеберлік сабақтарына қатысты. Наталья шетелдік авторлардың ірімшік жасау бойынша кітаптарын қызығып оқыды, ТМД ауқымында кәсіпкерлермен ірімшік әзірлеуге қатысты инстаграм және фейсбук арқылы талқылауларға қатысады.

«Түрлі қиындықтағы ірімшікті әзірлей аламын, мәселен, Pasta filata атты созылмалы ірімшіктер (моцарелла, чечил, качокавалло және басқалар). Ұзақ пісетін ірімшіктер: пармезан сияқтылардан бөлек. База мен теория болса, эксперимент жасаудан қорықпау керек. Бастысы теориялық білім, практика мен ірімшікке жарамды сүт болуы керек», – деді Наталья.

 Шебер ұсынған ассортиментте әзірге экзотикалық ірімшіктердің он шақты рецептісі бар, негізінен жұмсақ ірімшіктер. Бұл италиялық моцарелла, кипрлік халумми, француздық нешатель, альпі ірімшіктері, йогурт, дәнді сүзбе, сонымен қатар көгерген артистократтық ірімшіктер. Қазіргі таңда Наталья нағыз талғампаздарға арналған көгі бар элиталық көгілдір ірімшікті жасап үйреніп жүр. Бұған қоса келіншек авторлық ірімшіктерді дайындайды. Мәселен, апельсинді сулугуни – бұл апельсин дәмі мен жеміске ұқсас ірімшік өнімі.

 Барлығы табиғи сүттен дайындалады. Бұл негізгі маңызды аспект дейді шебер. Өйткені нарықта ірімшікке еш қатысы жоқ ірімшіктік өнімдер көп. Ірімшік өнімі бағасы жағынан арзан, өйткені оның әзірлеуіне сүттің орнына өсімдік майлары қолданылады.

 «Бизнес-Өсу» курсын оқу кезінде Бобровка ауылының тұрғыны бастауыш кәсіпкермен таныстым. Ол мал шаруашылығымен айналысады, мемлекеттік бағдарламамен несие алып, асыл тұқымды ірі қара сатып алған. Шикізатты – сапалы сүтті осы шаруадан аламыз», – деді кәсіпкер.

Әзірге оның бас дегустаторы – отбасы мүшелері мен таныстары, осы жандар тапсырыс жасайды. 

 Жуырда ШҚО кәсіпкерлер палатасы алаңында Наталья жеке шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар шеберлік сабағын қызығушылықпен тыңдап, ірімшік дайындау процесін блокноттарға түртіп алып отырды. Ірімшіктердің дәмін татты. Бір ірімшік екіншісінен дәмді болды.  

Шеберлік сабақ барысында кәсіпкер ірімшік дайындау үдерісінде қандай жабдықтар мен құралдар пайдаланылады, шикізатты қалай таңдау керек, сапаны қалай тексеру керек, шикізатты өңдеу әдістері, орынжайды дайындау, ірімшік пісіру құралдары, технологиялық процестер және басқа да мәслелер айтылды. Наталья сондай-ақ адыгей ірімшігін дайындау әдісімен бөлісті.

 Бұған қоса, ірімшік жасауда қолдан жасалған дәмдеуіштер де қолданылады. Айта кетелік, Наталья Ивашкина төрт жыл бұрын хош иісті және экзотикалық шөптерді өсіріп келеді, олардың сан алуандығы жылыжайда көздің жауын алады. Шөптерден дайындалған дәмдеуіштер ірімшіктерге қайталанбас дәм береді. Дәмдеуіштер көбіне-көп халлуми, каччота, лейден, монтерей джек, шевр сынды түрлеріне қосылады.

ШҚО ӨКП бизнес-тренері Адина Қасенованың айтуынша фермерлік ірімшік жасау ісі өңірде танымал кәсіп түріне айналуда. Осындай фермаларға келесі жылы туристерге арнап экскурсия жасалады деп жоспарлануда. 

 «Аталған бағытты дамыту импортты алмастыруға оң әсер етпек. Бұдан бөлек ірімшік жасау кәсібі өңірді гастрономиялық туризм саласында танымал етеді. Мәселен, Еуропада ірімшік туризмі жақсы дамыған.

 ШҚО ӨКП мәліметтері бойынша қазіргі таңда облыс аймақтары туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. Атап айтқанда, туризмді дамытуда басымдыққа ие бағыттары тау шаңғысы, спорт, жаяу, аңшылық, емдеу-сауықтыру, медициналық, жағажай, ауыл, экологиялық, киелі орындар,мәдени-танымдық және техногендік туризм салалары анықталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер