«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мектеп асханаларын жалдаушылар жұмыссыз қала ма?

2019 жылғы 15 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
5891 просмотров

Өскемен қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мектеп оқушыларын тамақтандыруды қамтамасыз етумен бірнеше жыл қатарынан айналысып келеді. Олар тамақтану бойынша қызмет көрсетуге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін енгізу процесінде бәсекелестіктің шектелуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

Кәсіпкерлердің айтуынша, қаңтар айының басынан жергілікті билік биыл мектеп асханаларының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеу жобасы басталғаны жайында хабарлады.

МЖӘ механизмі облыс орталығындағы 44 мектептің барлығында енгізілетін болады. «Шығыс Қазақстан облысы өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орталығы» АҚ сайтының деректері бойынша жобаның «Өскемен қаласындағы мектеп асханаларындағы ас әзірлейтін бөліктерді жаңғырту және қызмет көрсету» инвестициялық бөлігінің 4 лот бойынша алдын ала құны 503,731 млн теңгені құрайды. МЖӘ жобасын әзірлеу кезеңі – 7 жыл.

 «Осы ретте бұл мәселе шешіліп қойылған, және қала мектептері 11 мектептен 4 лотқа бөлінген деп хабарлады. Бір лоттың құны 125,933 млн теңгеге тең. Бірден сұрақ туындайды, лотты бұлай неліктен бөлді және бұл әрекет заңды ма? Демек жоба ірі инвесторлар үшін жасалып отыр, ал шағын бизнес өкілдері ысырылып қалуда», – деді жеке кәсіпкер Яна Родякина.

Кәсіпкердің айтуынша,  әзірге мектептердің басшылықтары кәсіпкерлермен қызмет көрсету бойынша 3 айға келісімшарт жасап жатыр.

«Екінші тоқсанға жасалған шешім заңды ма, бұл қалай рәсімделеді? Байқау құжаттамасын дайындаудың мәні бар ма егер ұсынылып жатқан мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке жарамаса?», – деді жалға алушылар.

Кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктен бас тартпаған, бас тартып отырған жоқ және өз асханаларын жаңғыртуға дайын. Алайда, олардың айтуынша, қазіргі жағдай оларға амал қалдырмай отыр. Нәтижесінде жиырма шақты шағын бизнес субъектісі жабылу алдында тұр, демек, екі жүзден астам адам жұмыссыздардың қатарын толықтырмақ.  Қазіргі таңда Өскемен қаласында мектептегі тамақтандыру қызметімен 28 кәсіпкер айналысып отыр. Жалпы алғанда облыс орталығындағы басқа мектептерде жалпы 300 адам жұмыс істеуде.

  «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті, оның ішінде асханаларды жаңартуды қолдаймыз. Бұл жобаның артықшылығы кәсіпкер жобада 7 жыл жұмыс істейтінінде. Бүгінде кәсіпкермен бір жылға келісім-шарт жасалады. Демек, 1 жылға ақша салуға ынта жоқ. Енді мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жұмыс істеп жатқан жалға алушылармен жасауға неге болмайды?  Өйткені ірілендіру шағын бизнес субъектілерді ығыстырып, осы салада тәжірибесі мол адамдар кетіріп, жұмыс орындарын қысқартып тастайды.  Сондықтан МЖӘ жобалары әр шағын бизнес субъектісіне оңтайлы болуы керек деп санаймыз. Ол үшін лотты ірілендірудің керегі жоқ», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.  

Кәсіпкерлерден ұжымдық хаты түскен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы лот санын көбейтіп, бизнес субъектілерінің барлығына теңдей жағдай жасауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер