«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанның үздік тауарлары 5 шілдеде анықталады

2018 жылғы 04 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5334 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына 80-нен астам тауар өндіруші қатысуға өтінім берген

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі отандық өнімнің сапасын анықтайтын өңірлік байқауды ұйымдастырып отыр. Қатысушылар арасында танымал кәсіпорындар да, нарыққа енді қадам басқан кәсіпкерлер де бар. Дегенмен екі санаттың да өнімі зор сұраныспен тұтынылып отыр. Жеңімпаздар «Халыққа арналған үздік тауар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша анықталады.

«Байқауға қатысушылар қатары жыл сайын артып келеді. Биыл өтінім берушілер саны екі есе артты. Басым бөлігі «Халыққа арналған үздік тауар» аталымынан үміткер. Жалпы тауар сұрыпталымы ауқымды. Қазылардың алдындағы міндет оңай емес. Мұнымен қоса жергілікті деңгейде «Тұтынушылар таңдауы», «Бесенді қатысқаны үшін» ынталандыру сыйлықтары да бар», – деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сәкен Абдуллин.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының барысында қала тұрғындары мен қонақтары үздік компаниялар туралы ақпарат алып қана қоймай, өнімдерін арзан бағада сатып алуға мүмкіндік жасалған.

Өңірлік байқаудың жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық байқауға жолдама алады. Бастысы дипломанттар байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта 4 жыл бойы пайдалана алады.

Іс-шара 5 маусымда Борис Александров атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталу уақыты: 9-30


Еншілес ұйымдар

Серіктестер