«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа заңдарды қабылдауда Ұлттық палатаның үлесі қандай?

2017 жылғы 06 Қыркүйек
7035 просмотров

Мәжілісте қаралған 83 заң жобасының 36-сында кәсіпкерлердің мүддесі қозғалды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметінің бірі ̶ Парламентте кәсіпкерлік мүддесін қорғау. Осыған орай Ұлттық палата қабылданатын заңнамалық актілердің кәсіпкерлік қоғамдастық мүддесінің ескерілуін қамтамасыз ету үшін заңнаманың әзірлену барысына Парламенттік деңгейде тікелей қатысады.

2017 жылдың маусым айында Парламенттің VI шақырылымы екінші сессиясы өзжұмысын аяқтады. Бұл сессияның жұмысына «Атамекен» ҰКП қатысып, кәсіпкерлік қоғамдастықтың қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіруге атсалысты.

«Егер нақты санға жүгінетін бослақ, онда Парламенттің VI шақырылымының екінші сессиясында 83 заң жобасы қаралды, оның ішінде 36 заң жобасында, яғни 40%-дан астамында кәсіпкерлік мүддесін қозғалады. Аталған заң жобаларын әзірлеу бойынша Жұмыс тобының 400-ден астам отырысына «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары тікелей қатысты», - деп түсіндірді басқарушы директор-Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанова.

Мысалы, бағалау қызметі туралы заң жобасын қарау аясында кәсіпкерлік қызметті өзін-өзі реттеу институтын енгізу арқылы реттеу үлгісі түбегейлі қайта қалыптастырылды. Бұл институт арқылы лицензиялық процедуралар қысқартылып, бақылау мен әдіснама мәселесін кәсіпкерлік қоғамдастықтың өзіне табыстауды қарастырады.

Азаматтық, банк заңнамасын жетілдіруде жалған кәсіпкерлікті даулау, шағын бизнеске аудит жүргізу бойынша қосымша талаптар қою мәселесінде айтарлықтай талас туды. Түрлі стандарттарды техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттарға біріктіруге қатысты үлкен пікірталас орын алған.

«Ұлттық палата әлеуметтік бағыттағы заң жобаларын әрдайым назарда ұстайды. Оған 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында денсаулық сақтау, оның ішінде әдеуеметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру қатысты қабылданған заңдарды жатқызуға болады. «Атамекен» ҰКП жұмысы Парламент аясында тек жұмыс тобының құрамына қатысумен шектелмейді. Ұлттық палата кәсіпкерліктің мүддесіне қатысы бар парламенттік тыңдалым, үкімет сағаты, дөңгелек үстелдер, семинарлар, таныстырылымдар және т.б. іс-шараны ұйымдастыруға тікелей атсалысады», - деп түсіндіріп өтті Айжан Бижанова.

Осыған орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ашықтық, орнықты келіссөз бен заңнамаға қатысты бизнестің пікірін жоғары билік органына жеткізуге берілген мүмкіндік үшін Парламент басшылығы мен депутаттық корпусқа алғыс білдіреді.

Парламенттің VI шақырылымы екінші сессиясының жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Үкіметпен тығыз қарым-қатынас орната отырып, болашақта отандық экономиканың жаңа үлгісін қалыптастыруға, кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетуге, азаматтарға әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуге бағытталған сапалы заңдардың қабылдануын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

«Ұлттық палата кәспкерлік бастамаларға заңнамалық қолдау көрсету мәселесі бойынша Парламент және Үкіметпен тығыз байланыс орнатуға бағыттайтынын ескере отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП барлық аппаратының, бизнес субъектілерінің жұмысын әлі де реттеп, барлығымыз табысқа жетуге жұмылуымыз қажет», - деп тұжырымдады Басқарушы директор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер