«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын сапа: Қазақстандық сүзгінің қадірі жоғары

2016 жылғы 28 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6535 просмотров

Астанада өткен ұлттық конкурс-көрменің қорытындысына сәйкес «Бриссоль» ЖШС өткен жылы «Өндірістік бағыттағы  үздік тауарлар» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және белгімен марапатталды   

Кәсіпорын директоры Сергей Боковқа диплом мен белгіні Қазақстан Республикасының сол кездегі инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев  тапсырды.

Еске салалық, серіктестік осы заманғы автомобильдер мен тракторларға арналған ауа сүзгісінің 200-ден астам түрін шығарады, майлық модификация саны 20-дан, ал отындық түрі 15-тен асқан. Орайы келгенде айта кетелік, мыңдаған бұйымдар ТМД елдерінде сертификацияланған. Моңғолия тұтынушыларымен де келіссөздер жүруде.

Бүгінгі таңда кәсіпорынды аралап, өндіріс барысын көзбен көріп, аралаудың сәті түсті. «Міне Якутия, Новосибирск автотұрақтарына арналған сүзгілердің кезекті  партиясын тиеп жатыр», – дейді  Сергей Боков.

«Бриссоль» өнімнің 15-17 пайызын ЕАЭС елдеріне, оның ішінде Ресейге  – 10 %, Беларуське – 5-7 % экспорттайды.

«КамАЗ жүргізушілері, – деп түсіндіреді  Сергей Боков, –  қыста отындық сүзгілерді өте мұқият бағалайды, өйткені сапасыз отын сүзгісі қыста бітеліп қалады. Қақаған аязбен ойнауға болмайды. Біз сүзгімізге кеңірдектелген сүзгі қағазын саламыз, бұл басқа өндірушілерге қарағанда бір жарым есе көп. Сүзгілеу көлемі де ұлғаяды. Сарышұнақ аяз қысқан Якутияда бұл бұйымның қадірін біледі. Сондықтан қазақстандық сүзгілерді сатып алады».

«Қазір, – деп жалғастырады өз сөзін Сергей Боков, – металл майлық сүзгілерді өндіруге арналған  құрал-жабдық жасаудамыз. Бұл бұйым ауа немесе отындық сүзгіден гөрі күрделілеу, соған орай бағасы да қымбаттау.   Тиісті жабдықпен міндетті шешу де оңай. Бұйымға арналған болат та Қазақстанда суарылатыны да өте маңызды. Егер қазір сүзгілер шығаруда  қазақстандық қамту 68 пайыз болса, жаңа технологияны игеру арқылы бұл көрсеткішті едәуір жоғарылатпақпыз. Тұрақты отандық тұтынушылар арасында Қостанай облысының Соколов-Сарыбай комбинаты, біздің  СемАЗ, Қарағанды кәсіпорындары,  Шығыс  Қазақстан сауда жүйесі, тағы басқалар бар. Кәсіпорын тапсырыстары тендерлерге шығарылады. Қазақстан бойынша барлық тарапқа шығамыз».  

Сүзгілер дайындау цехында қызу жұмыс. Негізінде желімдеу және балқыту үдерістері  қолданылады.  «Бүгін КамАЗ-дарға арналған  3250 маркілі ауалық сүзгі партиясын дайындаймыз, – дейді оператор Валентина Недобиткова. – Төменгі және жоғарғы қақпақты полиуретаннан дайындаймыз. А және Б компоненттері қоспасы Цельсия бойынша  23-25 градус  температурада ең жақсы нәтижеге жетеді. Сондықтан цехта температура жіті қадағаланады. Қақпақ металдан да жасалады. Тапсырысқа байланысты жұмыс жасаймыз».

Жалпы серіктестікте 30-дан астам адам жұмыс істейді. Перде дайындаумен  Зүлфия Теміржанова шұғылданады. Арнайы станок көз ілеспес шапшаңдықпен сүзгіленген қағаздың тегіс жолағын гофрге айналдырады. Зүлфия тек керекті мөлшерді қиып алып, қаңқаға салады. Сүзгілерді қалыптастырушы  Настя Төлембаева арнайы желіммен металл қақпақтарды монтаждайды. Владимир Попов бір жыл бұрын келіп еді, енді дәнекерлеуші мамандығын алды. Біз  аралаған күні ол бұйымға арналған сыртқы торшаны дайындап жатты.

Шағын зауыттың цехы осы заманғы технологияның естілер-естілмес шуымен тұнған. Қаңқа торшаны кесу мен тесу жүріп жатыр. Полиэтилен  пленкамен мұқият  жабылған дайын өнімдер үлкен жүк салғыштарға тиеледі. Мұнда да мән бар. Гофр атмосфералық ылғалды сіңірмеуі тиіс. Барлығы өз кезегімен жүріп жатыр. «Қазақстанда жасалған» деп жазылған логотипі бар осындай бұйымдар Еуразиялық экономикалық одақ нарығын жаулап алатын күн алыс емес. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер