«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дәрі-дәрмектерді таңбалаудың бірыңғай операторы айналымнан бірінші кезеңнің таңбалау кодтарын шығару шешімін ұсынды

2025 жылғы 10 Сәуір
3449 просмотров

Құрметті бизнес-қоғамдастық өкілдері!

«Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау қағидаларының 4-тарауының қолданылуын тоқтата тұру туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №20 бұйрығына сәйкес дәрілік заттарды бақылау 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін жойылды. Осыған байланысты, дәрілік заттар айналымына қатысушыларға 2022 жылдан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін берілген таңбалау кодтары ТТҚ АЖ айналымнан шығарусыз түпкілікті тұтынушыларға сатылған.

ҚР ҰКП бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, 2022 жылдан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін берілген таңбалау кодтарын автоматты түрде есептен шығару қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

Нәтижесінде, бірыңғай оператор 2022 жылдан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін берілген таңбалау кодтарын ТТҚ АЖ есептен шығарудың мынадай екі әдісін әзірледі:

1.       Бірыңғай оператордың техникалық қолдау қызметіне (mark@ismet) қол қойылған және ұйымның мөрі бар ресми хатты (Дәрілік заттар айналымына қатысушылар (ДЗАҚ), қолда және оның балансында жеке кабинетте бар), сондай-ақ ТТҚ АЖ-да есептен шығарылуы қажет csv форматындағы таңбалау кодтары бар файлды ұсынумен сұрау салу.

2.       Осы кодтарды енгізген және олардың балансында таңбалау кодтарын есептен шығаратын, «басқа» деген себепті көрсете отырып, айналымнан шығару туралы хабарлама қалыптастыратын ДЗАҚ-тың дербес мүмкіндігі.

Жоғарыда аталған әдістердің бірімен дәрілік заттарды таңбалау кодтарын есептен шығару туралы толығырақ ақпарат алу үшін бірыңғай операторға («Қазақтелеком» АҚ) хабарласу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер