«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қалдықсыз болашақ: Қазақстанда бизнес-қауымдастық пен азаматтарға арналған экожоба іске қосылды

2025 жылғы 08 Сәуір
4465 просмотров

Қазақстанда бизнес-қауымдастық пен ел тұрғындарының пластикпен жұмыс істеудің тұрақты әдістеріне көшуіне ықпал ететін жаңа жоба бастауын алды.

«Smart Plastic Zone» деп аталатын жоба экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік (ESG) принциптері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты – пластикалық өнімдерді азайтуға және елдің болашағы үшін маңызды экологиялық стандарттарды сақтауға бағытталған компаниялар мен кәсіпкерлердің экожүйесін құру.

GPI-Lab компаниясының және GreenUrban қауымдастығы жоба орындаушыларының айтуынша, жоба өз нәтижесін бере бастады: 10 жетекші кәсіпкер мен ұйымдар экологиялық жауапкершілік саласындағы жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

Жобаға экологиялық тұрақтылыққа үлес қосқысы келетін барлық мүдделі кәсіпкерлер, компаниялар мен ұйымдар қатыса алады. Жоба кәсіпкерлер мен ұйымдарға қатысудың екі деңгейін ұсынады:

  • Smart Plastic Zone (Silver) – пластикті тұрақты пайдалану үшін қадамдар жасағаны үшін;
  • Smart Plastic Zone (Gold) – өз қызметінде экологиялық тәжірибені белсенді түрде енгізіп, экологиялық жауапкершілік саласындағы көшбасшыларға арналған.

2025 жылға арналған жобаның пилоттық қалалары ретінде Астана, Алматы және Қарағанды болады. Пилоттық кезең сәтті аяқталғаннан кейін жоба бүкіл Қазақстанға таралады.

Жобаның бизнес-орта үшін де, Қазақстан тұрғындары үшін де маңыздылығын «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Тұрақты даму жөніндегі кеңестің және ESG төрағасы, GPI Group компаниялар тобының серіктесі Юлия Якупбаева атап өтті.

«Жоба пластикалық қалдықтарды азайтатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандырып қана қоймай, қолданылатын балама материалдар мен тәжірибелер, сондай-ақ елдегі пластикті қайта өңдеуге кедергі келтіретін барьерлер бойынша сараптама жасауға мүмкіндік береді. Серіктестік желіні қолдана отырып, біз осы мәселе бойынша бизнеске арналған вебинарлар өткізуге дайынбыз. Барлығы тегін болады», - деді Юлия Якупбаева.

 

«Біз пластиктің қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша бірқатар бастамалармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, 2025 жылға қарай «Қалдықсыз әлем» жаһандық стратегиясының бөлігі ретінде  бүкіл қаптаманы қайта өңдеуге болатындай етіп жасауды мақсат етіп отырмыз. «Smart Plastic Zone» жобасы компаниялар үшін планетаны тазартуда қосымша ынталандыруларға ие болады, осыған байланысты аталмыш бастамаға қосылған және қосылғысы келетін барлық компанияларды құптаймыз», - деп атап өтті Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы Coca-Cola компаниясының Үкіметпен байланыс, коммуникациялар және орнықты даму жөніндегі директоры Александра Аккирман.

Тұрақты экожүйені құруға үлес қосуға және экологиялық жауапкершілік саласындағы көшбасшылықты көрсетуге дайын кәсіпкерлерге өтінім беру, растайтын құжаттарды және www.GPI.KZ не www.GreenUrban.kz сайттарында тіркеу жеткілікті. Барлық кезеңнен сәтті өткен үміткерлер ең жауапты әрі экологиялық бағдарланған бизнес ретінде «Smart Plastic Zone» белгісіне ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер