«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП-да ӘМСҚ жаңа шартындағы өзгерістерден бизнеске төнетін қатерлер талқыланды

2025 жылғы 14 Қаңтар
698 просмотров

2025 жылғы 3 қаңтардан бастап, елде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында қызметтерді сатып алуға қосылу шартына өзгерістер күшіне енді.

Жаңартылған шартта «Атамекен» ҚР ҰКП жеткізуші міндеттерінің санын 43 тармақтан 18 тармаққа дейін қысқарту бөлігінде ұсыныстар ескерілді. Бұл өзгерістер желтоқсан айында өткен жиында талқыланып, онда медициналық қауымдастық өкілдері қормен қарым-қатынасты реттеудің балама шешімдерін ұсынды. Алайда, медициналық қауымдастық бұрын қайта қарауды не алып тастауды сұраған бірқатар талаптар өзгеріссіз қалды.

  • бірлесіп орындаушылардың әрекеттері үшін жеткізушілердің жауапкершілігі;
  • Қордың медициналық қызметтер көлемін және қызметтерді сатып алу шартының сомасын төмендетуге не бюджет қаражаты немесе активтері жеткіліксіз болған жағдайда, нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем жасаудан бас тартуға біржақты шешім;
  • 2 жаңа айыппұл салу және т.б.

Сын ескертпелерге қарамастан, Қор медициналық ұйымдардың маңызды ұсыныстарын ескермей, осыған байланысты көптеген клиникалар қосылу шартының талаптарын қайта қарау туралы өтінішпен ҚР ҰКП-на жүгінді. Олардың пікірінше, бұл мүдделер теңгерімін бұзып, әріптестік қатынастың дамуына ықпал етпейді.

«Жаңа қосылу шарты қаржылық тұрақсыздыққа және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты медициналық ұйымдар ҚР ҰКП-ға жүгінді», – деп атап өтті ҰКП Басқарушы директоры – Медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.

Оның айтуынша, бизнестегі алаңдаушылық жеткізушілерді іріктеу тетігінде айқындықтың болмауын, олардың сатып алу шарттары біржақты тәртіппен, бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, медициналық қызметтер көлемі мен сомаларын азайту бөлігінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі жағдайында айыппұл санкцияларының ұлғаюы және көрсетілген медициналық қызметтер үшін Қор тарапынан төлемнің жүйелі түрде кешіктірілуі күмән тудырады.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ҚР ДСМ МӘМС Талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ляззат Шоманова медициналық қоғамдастықтың жасырын түрдегі кемшіліктері үшін айыппұл санкцияларын қолдану мерзімін белгілеу және бірлесіп орындаушылар базасын жүргізу бөлігінде НҚА-ға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстарын қолдады. Бұл ретте «ӘМСҚ» КЕАҚ өкілдері қос тараптың жауапкершілігін алып тастау мақсатында жеткізушілер мен бірлесіп орындаушылар арасындағы Шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі бөлігінде инфожүйені пысықтау қажеттігін атап өтті.

ҰКП-да өткен жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қолдаған ұсыныстар Денсаулық сақтау министрлігі мен «ӘМСҚ» КЕАҚ жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер