«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық өндірушілер «Еңбек» РМК мемлекеттік сатып алуларға қатысу үлесін төмендетуді сұрайды

2024 жылғы 26 Желтоқсан
1434 просмотров

Қылмыстық-атқару жүйесі аясында жұмыс істейтін «Еңбек» РМК мемлекеттік кәсіпорны бизнес-қауымдастық тарапынан жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және ағаш өңдеу салалары бойынша сынға ұшырады. Себебі «Еңбек» РМК ҚР ІІМ-нен артық тапсырыс алып, бизнес-қауымдастық аталмыш салалардың дамуына әсер ететін мемлекеттік келісімшарттар үшін бәсекеге түсе алмайтын қазақстандық өндірушілер үшін тең емес жағдайлар туғызатынын жеткізді.  

Бұл ретте, РМК өкілдері өндірістік мүмкіндіктер болған кезде тапсырыстардың болмауына, артық салық жүктемесіне және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуының төмен деңгейіне байланысты қаржылық қиындықтарға тап болатынын атап өтеді. Айта кетейік, «Еңбек» РМК деректері бойынша Қазақстанда 39 мың сотталушы бар, олардың көпшілігі еңбекке қабілетті. Өнеркәсіптік аймақтардың аумағында металл қоршаулар, есіктер, көше шамдары, корпустық жиһаз, арнайы киім, түрлі құрылыс материалдары, және т.б. өндіріледі.

Өңдеу өнеркәсібі Комитетінің отырысында министрліктер мен ведомстволар қажеттіліктерінің 10% РМК үшін кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс, салықтық жеңілдіктер талқыланды. Алайда, мұндай ұсыныстарға отандық бизнес өкілдері  келіспейтіндерін жеткізді. Мәселен, «Qaz Textile Industry» өзін-өзі реттеу ұйымының айтуынша, еркін бәсекелестік қағидаттарын бұзатын артықшылықтар жасай отырып, басқа өндірушілердің құқықтарына қысым жасалатын болады.

«Жеңіл өнеркәсіп өндірушілері аталған ұсыныстар тек «Еңбек» РМК қатысты екеніне қарсылығын білдірді, өйткені оларды іске асыру нәтижесінде айтарлықтай басымдыққа ие болады», - деді «Qaz Textile Industry» Басқарма төрағасы Гүлмира Уахитова.

Спикердің ұсыныстарын өндірушілер және басқа да сала өкілдері қолдады. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП РМК үшін ұсынылған преференциялармен келіспейтіндігін білдіріп, барлық өндірушілер үшін тең жағдайлар салаларды дамытуда маңызды екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар «Еңбек» РМК-ның мүмкіндіктеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін айқындауды және өндірістік мүмкіндіктерді бағалау үшін сараптамалық салалық топтар құруды ұсынды.

«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқар негізі Ұлттық палата түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың еңбегін қолдайтынын атап өтті.

«Бұл ретте біз түзеу мекемелерінің тиісті еңбек ресурстары мен қолда бар өндірістік мүмкіндіктерге сәйкес, еңбек бөлінісінің әділ болғанын қалаймыз», - деп атап өтті ол.

Тапсырыс көлемі мен мемлекеттік кәсіпорындарды қолдауға қатысты мәселелер түрлі деңгейде талқылануда. Алайда, барлық тарапты қанағаттандыратын түпкілікті шешім әлі де қабылданбады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер