«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын бизнеске жылу үшін қайта есептеу жүргізілмей жатыр

2024 жылғы 08 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
4464 просмотров

Үй жанындағы дүкендердің иелері ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Айдын Молдабековке аталған мәселені шешу туралы өтінішпен жүгінген.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізілді.

ШҚО Сауда кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Владимир Бердник жылу есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясына қайта есептеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Жеке кәсіпкерлер коммуналдық қызметтерді заңды тұлғалардың тарифі бойынша төлейді, яғни шамамен екі есе артық. Жылуды есепке алу құралдарын орнату оларға тәуелді емес, бұл – жалпы үй мүлкіне жатады. Кәсіпкерлерге неліктен жеке тұлғаларға сияқты құнын есептемеске?», - деді Владимир Бердник.

Ол сондай-ақ жылу құнын есептеу нормалары 20 жыл бұрын белгіленген орташа тәуліктік температура бойынша жүргізілетінін айтты. Соңғы 5 жылда климат айтарлықтай өзгерді, сәйкесінше температура режимі де өзгерген.

Мәселені шешу бойынша ШҚО ЭТД басшысы Айдын Молдабеков ҚР Энергетика министрлігіне шағын бизнес өкілдері үшін жылу энергиясының құнын қайта есептеу бөлігінде ережелерді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге және осы ұстанымды негізді түрде дәлелдеуге болатынын атап өтті.

«Біз үшін мұндай қайта есептеуден туындаған сома негізі айтарлықтай», – деп атап өтті Владимир Бердник.

Айта кетейік, үй жанындағы дүкен иелерінің шамамен 50 % тарифті жалпы бағамен төлейді, өйткені үйде жылу есептегіштері орнатылмаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер