«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы білім саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

2024 жылғы 02 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
3479 просмотров

Ұстаздар күні қарсаңында жеке білім беру: балабақшалар, оқу орталықтары мен колледждер саласында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін салтанатты жиын өткізілді.   

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі бастығы Адылхан Әсеттің айтуы бойынша, білім беру саласы үшін 2024 жыл біршама қиын болды: білім берудің жеке секторына тікелей әсер еткен ережелерге, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

«Жыл бойында мектепке дейінгі ұйымдармен жәнеде оқу орталықтарымен белсенді әрекеттесіп тығыз қарым-қатнаста жұмыс жасалды.  Көптеген проблемалық мәселелер аймақтық деңгейде сәтті түрде өз шешімін тапты. Республикалық сипаттағы мәселелерді көтеріп, «Атамекен» орталық аппаратымен бірлесіп, олардың шешімі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Әсет Бердіғалиұлы.

Сондай-ақ, ШҚО жеке білім беру саласында жұмыс істейтін белсенді кәсіпкерлер алғыс хаттармен марапатталды, олардың кәсібилігі атап өтілді, олар біздің бүкіл қоғамымыз үшін әлеуметтік маңызы бар салада бизнеспен айналысады, деп толықтырды.

 ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев педагогтардың білім беру саласына қосқан үлкен кәсіби үлесін атап өтіп, оларға алғыс хаттар табыс етті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту жөніндегі кеңесінің төрағасы Нәбиев Ерсаиын балаларды оқыту және тәрбиелеу - үлкен білімді, практикалық тәжірибені талап ететін өте ауыр және жауапты жұмыс екенін атап өтті. Ең бастысы - балаларға деген сүйіспеншілік.

«ШҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтеріп қана қоймай, кәсіби мерекемен құттықтауды да ұмытпайды», - деді Ерсайын Нәбиев.

Өз кезегінде «Шығыс Балдырған» балабақшасының директоры Фарида Орақбаева кәсіби мерекеге назар аударғаны үшін алғыс білдіріп, білім берудегі ең ауыр жұмыс білім беру негізін беретін және дамыған тұлғаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі ұйымдарға тиесілі екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер