«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлия Мұқашева: «Кәсіпкерлерге қатысты қадағалау және бақылау шаралары әлі де қолданылуда

2024 жылғы 26 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
2815 просмотров

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы проблемаларды ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева бизнес-қауымдастық алдындағы бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есебінде атап өтті.

«2024 жыл кәсіпкерлер үшін айтарлықтай ерекше деп айтуға болады, өйткені 1 қаңтардан бастап 2019 жылы енгізілген тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторийдің қолданылу мерзімі аяқталды. Бұл экономиканың осы секторының рөлін күшейтуге бағытталған бизнесті қолдау бойынша мемлекет тарапынан тиімді шаралардың біріне айналды», - деп атап өтті Әлия Орынбекқызы.

Әлия Мұқашева кәсіпкерлерге қатысты қадағалау және бақылау шаралары негізсіз қолданылған бірнеше мысалды келтірді.

 «Кәсіпкерлер сот органдарына жүгінуге мәжбүр болды. Осы процестердің барлығы бизнес субъектілерінің қызметін тоқтатты», - деді Әлия Мұқашева.

Ол сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын бөлшек салықтың арнайы режимін енгізу жөніндегі бастамасын еске салды.

«Ағымдағы 2024 жылға Тарбағатай, Күршім, Марқакөл аудандары мен Самар ауданын қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысының аудандары бөлшек салық мөлшерлемесін 50% төмендету туралы шешім қабылдады. ШҚО аудандары мен қалаларының барлық жергілікті өкілді органдары келесі 2025 жылға осындай шешім қабылдауы қажет деп санаймыз, өйткені бұл кәсіпкерлік қызметпен айналысуды, көлеңкелі экономикамен күресуді және бизнесті бөлшектеуді ынталандырады», - деді Әлия Мұқашева.

Қазіргі уақытта бақылау-қадағалау органдарының жұмысын олардың салдарымен күресуге емес, құқық бұзушылықтардың алдын алуға барынша шоғырландыру қажет, деп түйіндеді Әлия Мұқашева.

Айта кетейік, бірыңғай есеп беру күні жыл сайын өткізіледі. Оны жүргізудің мақсаты бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау арқылы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту болып табылады. Осындай іс-шаралардың арқасында сындарлы шешімдер әзірленіп, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру бөлігінде кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығы артады. Осылайша, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың алдын алу жүйесі дамиды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер