«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП Сенатта мемлекеттік кіріс органдарына жаңа өкілеттіктер беруді ұсынды

2024 жылғы 23 Қыркүйек
472 просмотров

Парламент Сенатында «Атамекен» өкілдері Қазақстанның бизнесі мен экономикасына әсер ететін кедендік саясат пен әкімшілендіру мәселелерін көтерді. Кездесу Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті.

Жиынға қатысушылар тауарларды әкелу мен әкету кезінде құжаттарды ресімдеу мәселелерін талқылады. Кедендік декларациялаудағы қиындықтар бизнес үшін қосымша шығындарды тудырады, ал бұл сауда белсенділігін тежейді. Атап айтқанда, ЕАЭО шекарасында рұқсат беру жүйесінің сақталуына бақылаудың әлсіздігі байқалады.

«Еліміздің аумағында көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің жетіспеуіне және «Астана1» АЖ-мен интеграцияның болмауына байланысты рұқсат беру жүйесінің сақталуын бақылау төмендеді. Осылайша, жосықсыз шетелдік тасымалдаушылар бақылау бекеттерін айналып өтіп, тауар-көлік жүкқұжаттарын қолдан жасайды, сондай-ақ оларды қайта пайдалану үшін рұқсат бланкілерін толтырмайды», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Мұрат Амрин.

ҚР рұқсат беру жүйесін сақтаудағы бақылаудың әлсіздігі нәтижесінде қазақстандық көлік компанияларын қызмет көрсету нарығынан ығыстыруға әкелетін жайттар орын алып, олардың орнын шетелдік тасымалдаушылар басып алады.

 

Осыған байланысты, «Атамекен» ҰКП көліктік бақылау мен кедендік әкімшілендіруді жақсарту үшін біршама шешім ұсынады:

  • қазақстандық және шетелдік рұқсаттарды тексеруді қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында бақылауды күшейту қажет;
  • мемлекеттік кіріс органдарына заңнамалық актілерге өзгерістер енгізе отырып, кедендік транзит аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында рұқсат беру құжаттарын тексеру бойынша өкілеттіктер беру ұсынылады;
  • деректерді тексеруді автоматтандыру және бұзушылықтардың алдын алу үшін көліктік бақылау және мемлекеттік кірістер ақпараттық жүйелерін біріктіру.

Сонымен қатар, теңіз өткізу пункттері мәселесі көтерілді. ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінде атап өткендей, теңіз пункттерінде жеткіліксіз жарақтандыру және персоналдың жетіспеуі транзиттік декларацияларды ресімдеуде кідірістер туғызады, бұл бизнеске қосымша шығындар әкеледі. Мәселен, транзиттік декларацияларды ресімдеу мерзімдерін ұлғайту және жөнелтушілердің контейнерлерді бөгде ұйымдардың уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) мәжбүрлеп орналастыруы не уақтылы кедендік ресімдемегені үшін әкімшілік айыппұлдарды атап өтуге болады. Осылайша, Қаржы және Көлік министрліктеріне су көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік декларациялау мерзімін 3 жұмыс күніне дейін ұлғайту ұсынылады. Бұл мәселені шешу клиенттердің әлеуметтік шиеленісін азайтуға, кәсіпкерлік салада жұмыс істейтін азаматтарды қолдауды қамтамасыз етуге және жүктерді тасымалдау шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, деп атап өтті департаментте.  

Кездесу қорытындысы бойынша кедендік саясатты жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту үшін нақты шараларды әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер