«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы ШҚО бизнес-қауымдастығымен кездесті

2024 жылғы 09 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
4333 просмотров

Райымбек Баталов «Восток-Сүт» корпорациясына барды.

«Саланы одан әрі жетілдіру және жалпы сүт кластерін дамытуға қажетті мәселелерді талқыладық. Туындаған мәселелер, оларды шешу жолдары түсінікті жайт. Бірлескен шешімдерді әзірлеу, оларды мемлекетке жеткізу, нені өзгерту керек, нені түзету қажет деген сияқты сұрақтарды шешуде осындай кездесулердің маңызы зор», - деді Райымбек Әнуарұлы.

Ол сондай-ақ мол тәжірибелі бизнес-қауымдастықпен мәселелерді талқылау әрі қарай дұрыс және тиімді шешу жолдарына ерекше тоқталды.

«Бұл біздің тараптан жүйелі түрде өткізетін пайдалы кездесулер. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 11 жылдығына орай тікелей өндіріс алаңдарында бизнес-қауымдастықпен кездесу өткізудеміз. Бұл өз кезегінде өндірісін кеңейтіп, тиімділігін арттырып, өнімді бәсекеге қабілетті етеді», - деді Райымбек Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер