«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО тұрғындарының жартысына жуығы әлі салық есептілігін ұсынбаған

2024 жылғы 28 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4104 просмотров

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындылары туралы ШҚО кәсіпкерлер палатасындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев хабарлады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, барлық басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары – 250.00-нысанды – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыра бастады.

«Декларацияны тапсыру уақытына  үш апта ғана қалды,  77530 адамның 42287 - сі ғана есеп берді, бұл 54,5% құрайды», - деді Әсет Мұқашев.

Декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған, деді ол.

Декларацияны тапсырудан бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер босатылған.

«Салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін декларацияны алдын ала тапсыруды сұраймыз. Мәліметтерді бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бірінші рет толық емес және анық емес мәліметтер бергені үшін – ескерту, қайталап бұзғаны үшін –3 АЕК мөлшерінде айыппұл. Салық салу объектілерін алғаш рет жасырғаны үшін  төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл, қайта бұзғаны үшін – 300%», - деп атап өтті Әсет Мұқашев.

Естеріңізге сала кетейік, декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер