«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-да тұқым шаруашылығын дамыту үшін Hub құру қажет

2024 жылғы 22 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
1547 просмотров

Аталған ұсынысты «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығының» бас директоры Фарид Абитаев ШҚО кәсіпкерлер палатасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Айдарбек Қожаназаровтың қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді.

Өңірдің аграршылары мен өндірушілері бизнестің күрделі мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев атап өткендей, өңірдің аграрлық секторының өкілдері ауыл шаруашылығы саласының кадрлық әлеует, ветеринарлық шаралар, зертханалар және оларды жарақтандыру сияқты маңызды мәселелерін көтеруде.

 «Билік пен бизнес-қауымдастық арасындағы мұндай кездесулер проблемаларды анықтауға және шешуге мүмкіндік береді», - деді Қайрат Мамырбаев.

Осындай сұрақтың бірін Фарид Абитаев көтерді.

«Табиғи-климаттық жағдайлар бойынша Шығыс Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту мәселесіне барлық жағдай жасалған. Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы күнбағыстың жеті гибридін, бидайдың төрт түрін, сояның жеті түрін шығарады, тұқымдарды Ресей Федерациясына экспорттайды. Бұл ретте аграрлық ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік қолдаудың тек 10 пайызын аламыз. Ал мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет толығымен қамтамасыз етсе де, оларда мұндай нәтижелер жоқ. Менің ойымша, қаражатты тұқым сату көлеміне қарай бөлу дұрысырақ болады», - деп атап өтті Фарид Құмашұлы.

Ол сондай-ақ ШҚО бүкіл Қазақстанды тұқыммен қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

«Бұдан бөлек, күнбағыс, жүгері будандарының тұқымдарын қаржыландыруға мемлекет бөлетін қаражаттың шамамен 80-90 пайызы шетелдік селекциялық тұқымдарды субсидиялауға жұмсалады. Ақша шетел ғылымын қаржыландыруға жұмсалып жатыр. Тұқым шығындарын өтеуге ауылшаруашылық техникасымен бірдей тәсілді қолдануға болады: отандық субсидиялау шетелдіктерге қарағанда екі есе көп»,  - деп атап өтті Фарид Абитаев.

Айдарбек Қожаназаров аграрлық сала маманы болғандықтан, ауыл шаруашылығы проблемаларын жақсы біледі. Сондықтан бұл ұсынысты қолдады.

«Басқа елдің тұқымдық материалына тәуелді болу үлкен қауіп болып табылады. Отандық тұқым шаруашылықтарына шетелдіктермен бәсекелесуге мүмкіндік беру үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар қажет. Егер бөлінген субсидияларды тұқымға қайта бағыттап, дұрыс бөлетін болсақ, онда ШҚО - да облысқа инвестициялардың үлкен көлемін тарта алатын, сондай-ақ Қазақстанды сапалы жоғары өнімді тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар біздің еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орасан зор тұқым қабатын дамытуға болады», - деді Айдарбек Асанұлы.

Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының Салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерге қатысты бастамасы туралы айтты.

«Біз гектар бойынша бірыңғай аграрлық салықты енгізуді ұсынамыз. Фермерлер барлық тексерулерге алаңдамай, тек өндіріспен айналысуы керек», - деді ол.

Депутат аталған барлық мәселе Үкіметте пысықталатынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер