«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-да ауыл шаруашылығында субсидия алушылар үшін пилоттық жоба енгізілуде

2024 жылғы 04 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5584 просмотров

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілері үшін мемлекеттік қолдау көрсету бойынша қарсы міндеттемелер енгізілетін болады.

Бұл мәселе ШҚО Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі мәселелері жөніндегі кеңесінде қаралды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдеріне қарсы міндеттемелерді енгізу АӨК жалпы өнімінің көлемін ақшалай түрде ұлғайтуға бағытталғанын хабарлады. Өзгерістер Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін айқындауды көздейді.

Міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркелетін болады.

Айта кету керек, егер өндіруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда ол субсидия алу құқығынан айырылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері кәсіпкерлерге  gosagro.kz. сайтында қарсы міндеттемелер бойынша өтінімді қалай толтыру керектігін егжей-тегжейлі көрсетті.

Қарсы міндеттемелер бойынша өтінімді толтыру үшін барлық қажетті деректерді статистикалық есептіліктен алуға болады. Әзірлеушілер сонымен қатар Бағдарлама статистикалық мәліметтермен біріктіріледі деп уәде берді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша өңірдің фермерлері қарсы міндеттемелер бойынша ережелерді енгізгенге дейін толықтыру немесе өзгерту үшін пилоттық жобаны тестілеу тобын құруды ұсынды.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығында субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты көптеген мәселелер жинақталған. Олар барлық сұрақтарға толық жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер