«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева "Алтай" телеарнасында "Елге қызмет" телебағдарламасына қатысты

2024 жылғы 10 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4821 просмотров

Ол ұйымның қызметі, қызмет көрсету ерекшеліктері және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.

- Өткен жылы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өзінің он жылдығын атап өтті. 10 жыл ішінде Палата 96 млрд теңгеге 15 мың жобаны сүйемелдеді, 43 млрд теңгеге бизнестің мүліктік құқығын қорғады, 200 мыңға жуық тегін сервистік қызмет көрсетті, аймақтың 450-ден астам кәсіпорнын дуальды оқыту жүйесіне тартты, - деп атап өтті Әлия Орымбекқызы. - ӨКП жанынан құрылған салалық кеңестердің жұмысына көп көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар, Әлия Мұқашеваның айтуынша, ұйым кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, кәсіпкерліктің мәселелерін жергілікті және республикалық деңгейде жүйелі түрде көтеріп, құқықтық қатынастар саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- 2023 жылы "Бизнесті қорғау" желісі бойынша 278 өтініш келіп түсті. 263 өтініш немесе өтініштердің  94%-ы оң шешімін тапты. Кәсіпкерлердің 55 338 134 теңге сомасындағы мүліктік құқықтары қорғалды, - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлер палатасы нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға қатысады. Әлия Мұқашева хабарлағандай, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 224 жобасы келіп түскен. 178-іне сараптамалық қорытындылар ескертусіз берілді, 17 жоба кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамады және 29-ында сараптамалық қорытындылар ескертулермен берілді. Кейіннен НҚА біз ұсынған өзгерістердің редакциясында жарияланды.

- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтар құрылды, оған палата өкілдері мен аумақтық прокурорлар кіреді, - деді Әлия Орымбекқызы. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және экономикалық тергеу департаментімен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, ұйым жұмысының басым бөлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сүйемелдеумен, агроөнеркәсіптік саланы қолдаумен байланысты.

- 2023 жылы облыстың 130-дан астам кәсіпорны Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, ЕО елдері және т.б. елдерге тауарлардың 10-нан астам түрі бойынша импорттаушылар тізіліміне енгізілді, - деді Әлия Мұқашева. - Өнімнің экспорты мен импортына қойылатын тыйымдар мен шектеулердің теріс әсер етпеуі үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. ШҚО КП 2023 жылғы маусымның қолайсыз ауа райынан зардап шеккен уыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, оның ішінде "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және "Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" ҰК"АҚ қаржы ұйымдарының лизингі мен кредиттерін (проблемалық ұйымдарды қоса алғанда) ұзарту/қайта құрылымдау бойынша жедел шаралар қабылдады.

Әлия Орынбекқызы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында барлық қызметтер тегін көрсетілетінін атап өтті. Кәсіпкерлер тек проблемалық мәселелер бойынша ғана жүгінбей, сонымен қатар ақпараттық және консультациялық қолдау ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер