«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-да «Бизнеске жол» жобасы аясында 287 кәсіпкердің құқығы қорғалды

2023 жылғы 12 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
8113 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Игорь Шацкий мен ШҚО-дағы бизнес-омбудсменнің өкілі Әлия Мұқашева «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп өткізген кеңейтілген көшпелі отырысына қатысты. Тараптар бизнес құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға қарсы іс-қимыл бағытындағы бірлескен жұмыстар туралы айтып берді.

 

2023 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде Каирбек Сулейменовтің төрағалығымен «Атамекен» Ұлттық палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің көшпелі отырысы өткізілді. Оған Агенттіктің аймақтық департаменттерінің және ӨКП кеңестерінің басшылары, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы АҚП Кеңесінің төрағасы және хатшысы Игорь Шацкий мен Әлия Мұқашева қатысты.

Кеңесте «Атамекен» ҰКП мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселесі қаралды. Каирбек Сулейменов бизнес субъектілерінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерін ведомстволық бақылау және келісу алгоритмі бекітілгенін еске салды. 2023 жылдан бастап Антикор кәсіпкерлік қызмет еркіндігін шектеуді алып тастау мақсатында «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда, оның аясында 10 мыңнан астам кәсіпкермен 700-ден астам кездесу өткізілді. 23 салада 340-тан астам проблемалық мәселелер шешілді, 9,2 мыңнан астам кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, жер қатынастары, көлік және автомобиль жолдары, мемлекеттік сатып алу, құрылыс және басқа да салалардағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды шектейтін факторлар әлі де сақталып отыр. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына және өңірлік кәсіпкерлер палаталарына бірқатар ұсыныстар айтылды, атап айтқанда серіктестік нысандарын кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру қажет. Академияға Антикормен бірге ҚР ӘҚБтК 173-бабы бойынша лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және құжаттау әдістемесін әзірлеу ұсынылды.

ШҚО-дағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілі Әлия Мұқашева республикалық Кеңестің қорытындыларына түсініктеме бере отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы АКП мен Антикордың бірлескен жұмысы туралы мәліметтерді келтірді. Ол атап өткендей, «Бизнеске жол» жобасы аясында өзара іс-қимыл ШҚО-да күнделікті негізде, әзірленген жол картасына сәйкес, апта сайын Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстық СЖҚАД басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды өткізеді.

«Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыра отырып, біз Антикормен бірге 552 кәсіпкердің қатысуымен 38 кездесу өткіздік. Департамент 47 кездесу өткізіп, бизнестің 49 өтінішін қабылдады. Жобаның қорытындысы бойынша 24 проблемалық мәселе анықталып, жойылды», – деді Әлия Мұқашева.

Бизнес-омбудсмен өкілі ШҚО ірі кәсіпорындарының бірі респираторларды сатып алу бойынша тендерге қатысу үшін Кеден одағы сертификатын негізсіз талап еткен отандық өндіруші мәселесінің оң шешімін мысалға келтірді.

«Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа сәйкес осы сертификаттың ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күші жойылғаны анықталды. Сондықтан Департамент кәсіпорынның жалғыз акционеріне жол берілген бұзушылықтарды жою туралы хат жолдады. Нәтижесінде респираторларды сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерге өзгерістер енгізілді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Әлия Мұқашева.

ШҚО КП директорының орынбасары сондай-ақ кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзудың ұқсас мысалдары тұрақты түрде белгіленетінін және «Бизнеске жол» жобасы іске асырыла бастағаннан бері Шығыстың 287 кәсіпкерлерінің құқықтары қорғалғанын айтты.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері, егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілерімен бетпе-бет келсеңіз, «Бизнеске жол» жобасы аясында сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін тез арада хабарласыңыз:

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы: Өскемен қаласы,  Әуезов даңғылы, 26/1, 2 қабат, 12 каб., тел. 8 (7232) 742-103, 742-104.

ШҚО-дағы бизнес-омбудсменнің өкілі: тел. 8-705-521-66-62.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті: Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2, тел. 8 (7232) 298-888, 8-705-779-78-83.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер