«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-ның туризм саласының кәсіпкерлері облыс әкімдігі өкілдерімен кездесуде саланың проблемаларын анықтады

2023 жылғы 03 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
7101 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың өкілдері бизнес-қоғамдастықпен туристік саланың өзекті мәселелерін талқылады: жолдар, көпірлер, туристік соқпақтар, жағалау желілері, санитарлық тораптар және т.б. Жиынға ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Туризм кеңесінің өкілдері қатысты, олар өңірдегі туризм саласын одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

 

Шығыс Қазақстанның облыс орталығында жергілікті атқарушы орган өкілдері туристік саладағы бизнес субъектілерімен кездесіп, оларды шешу жолдарын талқылады. Кеңеске ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов, ШҚО Туристік ақпараттық орталығының басшысы Татьяна Исенева, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев, ШҚО КП туризм кеңесінің мүшелері және оның төрағасы, ШҚО Туристік қауымдастығының басшысы Асқар Оразбаев қатысты.  Кездесудің модераторы КИИДБ басшысы Елдос Байрахметов болды.

Кәсіпкер Александр Чиликин кәсіпорынның ішкі туризмді дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Оның иелігінде Қазақстандағы ірі тау шаңғысы курорттарының бірі «Алтай Альпілері»  бар. Жазғы туризмді дамыту үшін Таулы Үлбіде халыққа және облыс қонақтарына пантемдеу қызметтерін ұсыну мақсатында марал өсіру фермасы ашылды. Кәсіпкердің айтуынша, оның «Изумрудный» шипажайы Шығыс Қазақстандағы жалғыз шипажай, ал «Аюда» демалыс базасы – Бұқтырма су қоймасындағы ең ірі шипажай, онда бір сәтте 1000-нан астам демалушы қабылданады. Бұдан басқа, кәсіпорында көктем/күз мезгіліндегі маусым аралығын толтыру үшін аңшылық алқаптар бар.

«Шынымды айтайын, елімізде ешкім туризммен айналыспайды. Біздегі проблемалар ешкімді алаңдатпайды. Бұқтырма су қоймасының оң жағалауы туризм орталығы болып табылатын Жаңа Бұқтырма ауданында өте тығыз салынған. Алайда, Самара трассасы жағынан су қоймасының сол жағы бар. Ауда шығанағы ауданында 10-нан астам демалыс базасы бар, бірақ бізге дейін жол жоқ. Сонымен қатар, биылғы жылы су қатты шегініп кеткендіктен, жағамыз лаулап кетті. Айлақ жоқ, су алатын жер жоқ. Жолдарға көмектесіп, қалыпты жағалау сызығын қамтамасыз етіңіздер!» – деді Александр Чиликин.

Сондай-ақ, кәсіпкер орман қоры аумағында туристік нысандар салу үшін инвесторларды тартудың мүмкін еместігі тақырыбын қозғады, өйткені алдағы уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған нысандар мемлекет балансына берілуі мүмкін. Александр Чиликин бұл коллизияны шын мәнінде «рейдерлік басып алу» деп атайды, оның ойынша Орман кодексіндегі тиісті баптарды жою керек.

«Chakilev Tour» туристік фирмасының жетекшісі Светлана Николаева Мұзтау тауы (Белуха) бағытында трекинг-турлар мен джип-турлар өткізеді. Бірақ қазіргі уақытта Белухаға топтар апаратын барлық туроператорлардың жұмысы тоқтап тұр, өйткені Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін көпір қирап қалды, Ақ Берел өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі де апатты жағдайда.

«Біз үлкен шығынға тап болдық, себебі біз туристерге ақшаны қайтарып бердік. Біз осы бағытқа жарты жыл дайындалдық, адамдар билет сатып алды. Бұл мәселені өзіміз білдік, Ұлттық парк бізді ескерткен жоқ. Яғни біз ол жаққа туристермен бардық, көпірге келсек – көпір қирап жатыр. Ұлттық парк қолын бір сілтеді... Көпірден басқа, соқпақтың өзі бір жерден құлады – онда өзенге 500 метр жақын жер бар, қазір ол өтуге мүлдем жарамсыз. Бюджет қаражаты жоқ, Ұлттық парк ештеңе істемейді», – деді Светлана Николаева.

«Altai pro» туристік фирмасының жетекшісі Вячеслав Орлов жақында ғана Белухаға шығатын туристік тобы  Ұлттық парктің соқпағымен жүргенімен, Ресей аумағына кездейсоқ кіріп кетіп. бұл үшін кәсіпкер жарна төлеп, осы соқпақпен жүріп-тұру құқығын ресми түрде ресімдеген жағдайды еске салды.

«Бұл жол Ресей аумағына 60-70 метр тереңдікте кірді. Онда мыңдаған туристер жүреді, басқа жолдар жоқ. 100 метр соқпақты оңға қарай жасау қиын болмайды, оның үстіне оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінді, өйткені онда бағаналар, бағыттар тұр. Біз ақшасы төлеген таңбаланған соқпақ бойынша Ұлттық парк инспекторларымен бірге жүрдік алайда, із шекараны бұзғанымыз үшін сотталдық, бірақ біз бұзбаған едік. Енді бізге бес жылға Ресейге кіру жолы жабылды», – деді Вячеслав Орлов.

КИИДБ басшысының орынбасары Марат Кабаков кәсіпкерлерге Басқармаға туристік соқпақтардың тізімін беруді ұсынды. Себебі ол әр адам бойынша жағдайды жеке қарастырып, туристердің қауіпсіздігіне байланысты тиісті ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

«Премьер Тур» турагенттігінің басшысы Валерия Топольняк жол бойында орналасқан санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату және оларға қызмет көрсету мәселесін көтерді. Мемлекет дәретханаларды ұстауға қаражат бөлді, бірақ бүгінде олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда емес, ал кейбіреулері жай ғана жабық тұр. Осыған байланысты Марат Қабақов кәсіпкерлерге ұжымдық үндеу жасауды ұсынды, себебі шағын бизнесті тексеруге мораторий бойынша КИИДБ мәлімдемесіз тексеруді жүзеге асыра алмайды.

«Голубой залив» демалыс үйінің өкілі ШҚО Кәсіпкерлер палатасының туризм кеңесінің төрағасы Асқар Оразбаев Бұқтырма су қоймасының жағалауын абаттандыру және электрлендіру бойынша бас жоспарды әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, себебі кәсіпкерлер онда инфрақұрылымның жоқтығына шағымданады.

«Вояж» ЖШС директоры Ирина Клиновицкая жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі және кәсіпкерлерді демалыс базалары арасында орналасқан жолдарға сервитутты қолжетімділікпен қамтамасыз ету тақырыбын қозғады. «Аквамарин» қонақ үй кешенінің директоры Марина Акентьева демалыс базаларынан қоқыс шығару мәселесін еске салды, ол барлық базаларға контейнерлер қойып, иелерін қоқыс шығаратын компаниямен келісім жасасуға міндеттеуді ұсынды.

ШҚО әкімдігінің өкілдері кәсіпкерлерді мұқият тыңдап, айтылған барлық мәселелерді назарға алды. КИИДБ басшысы Елдос Байрахметов Бұқтырма су қоймасының курорттық аймағын дамытудың бас жоспарына тиісті өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруге уәде берді.

«Туризм – бұл біздің ерекшелігіміз. Шығыс Қазақстан оны дамыту үшін елеулі әлеуетке және барлық мүмкіндіктерге ие, өйткені біздің өңірде ландшафт, өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрі бар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың туризмді дамытуға баса назар аударуды тапсырғаны тұрғысынан, біздің кәсіпкерлер естіліп, жылдар бойы жинақталған мәселелер оң шешімін табады деп үміттенеміз. Оған бар күш-жігерімізді салайық!» – деп ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев кездесуді қорытындылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер