«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыстың іскер әйелдері Ұлыбританияның елшісімен кездесті

2023 жылғы 12 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
7028 просмотров

Шығыс Қазақстанда «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің өкілдері Ұлыбритания елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлер өз жобалары туралы айтып, шығарылатын бизнес-өнімдерді таныстырып, елімізде бизнеспен айналысатын әйелдердің қандай дағдылары мен біліктігі болуы керегін талқылады.

 

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің алаңында ШҚО бойынша Іскер әйелдер кеңесінің  өкілдері Ұлыбритания елшісі Кэти Лич бастаған Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің делегациясымен ШҚТУ Басқарма мүшесі, ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисованың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу модераторы ШҚО Іскер әелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова кеңестің жұмысы туралы айтып, даму бойынша стратегиялық жоспарды бөлісті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова онлайн режимде құттықтау сөз сөйледі.

«Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері бизнес-қоғамдастыққа жеке кәсіпті қалай дамытып, жетістікке қалай жетіп жүргенін айтты. Презентациялар үш тілде таныстырылды. «Мёд Алтайский» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Раиса Қасымбаева өз өнімдерінің үлгілерін көрсетіп, өндірілетін балдың экологиялық тазалығы мен пайдалы қасиеттері туралы айтты. ЭКО- амбассадор Людмила Евженкова қайта өңделген материалдардан қолмен жасалған кәдесый өнімдерін ұсынды. Жадыра Ұзақбаева ағылшын тілінде оқытылатын өз мектебі туралы айтып, кездесу соңында балаларды алмасу бойынша оқыту мәселесін қарастыру туралы ұсыныс алды. Перизат Рахатқызы жас дизайнер және киім конструкторы ретінде презентация материалында өзінің киім желісін таныстырып, болашақ жоспарларыын бөлісті», –деді Елена Березинская-Абилова.

Спикер осы жылдың 21 сәуірінде Кэти Лич ханым онлайн режимінде Өскеменде өткен I өңіраралық экологиялық форумға спикер ретінде қатысқанын еске салды. Форум барысында Елші өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің жұмысына және жалпы өңірлердегі әйелдер бизнес-қоғамдастығының белсенділігіне қызығушылық танытты.

«Сондықтан Кэти Лич ханым Шығыс Қазақстанға біздің кәсіпкерлермен танысу, әйелдердің өз ісімен айналысу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керегін білу, осы мақсаттар үшін қандай біліктіліктерді игеріп жатқанын, біздің өңірде кәсіпкер дәстүрлі түрде қандай бизнес түрлерімен айналысатынын көру үшін келді», – деп түсіндіреді Елена Березинская-Абилова.

Кездесуде Кэти Лич ханым жергілікті қолөнершілердің өнімдеріне үлкен қызығушылық танытты, әрқайсысын тыңдап, ашық диалог үшін барлық қатысушыға алғысын білдірді.

Өз бизнесін ашу және жүргізу бойынша консультациялар алу үшін кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына мына мекенжай бойынша келуге болады: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, 1 қабат, 3 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7232) 742-107.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер