«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО кәсіпорындары климаттың жақсаруына үлес қосып келеді

2022 жылғы 30 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
7519 просмотров

Өскемен қаласындағы «Шығыс Универсал» ЖШС бақтақ фермасы және Риддердегі «Поспелов» ЖК сүт-тауар фермасы Біріккен Ұлттар ұйымның даму бағдарламасымен іске асырылатын «нөлдік шығарындыларға қол жеткізу және климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде климаттың өзгеруіне тұрақты даму үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды пайдалану»  жобасына қатысу үшін іріктеуден сәтті өтті. Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Данияр Әкімбаев айтты.

Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) және ылғал үнемдейтін технологияларды (ЖК) енгізуді масштабтау жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан аумағында «климаттың өзгеруімен төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне тұрақты дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды пайдалану» жобасын іске асырады.

Табиғи-климаттық және географиялық аймақтар, Қазақстан өңірлерінің әлеуеті, жобадан ықтимал мультипликативтік әсерді бағалау қорытындысы бойынша, сондай-ақ БҰҰДБ жобасының басшысымен консультациялар мен келісуден кейін төрт өңір таңдалды. Осы ңірлерден қатысуға 10 жоба жіберілді. Соның ішінде ШҚО-дан екі жоба, Ақтөбе облысынан екі жоба, СҚО-дан екі жоба, Алматы облысынан – төрт жоба.

 БҰҰДБ техникалық тапсырмасы талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығының бірнеше кіші салаларындағы жобаларды таңдау туралы шешім қабылданды, атап айтқанда: жылыжай шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, сүт шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы.

«10 пилоттық ферманы іріктеу – жобаны іске асыру және оны кейіннен бүкіл Қазақстан бойынша масштабтау үшін негіз болды. Тәжірибе, сенімділік, тиісті инфрақұрылымның болуы, су көздеріне жақындығы, ауыл шаруашылығының белгілі бір кіші секторларында ЖЭК және ЖКҚ-ның қажеттілігі мен қолданылуы сияқты критерийлерге сәйкес іріктеу жүргізілді», – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Данияр Әкімбаев.

 «Атамекен» өкілі ШҚО-дан жобаға 5 шаруа қожалығы қатысқанын айтты. 2-4 қараша аралығында өңірге арнайы келген жобалық топтың мамандары жобаның әлеуетті қатысушыларына барып, шаруашылықтардың критерийлерге сәйкестігін тексерді, кәсіпорын басшыларымен әңгімелесті. Өз кезегінде ШҚО кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысушылардың ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Рамиль Сағандықовпен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуде қатысушыларға жоба туралы егжей-тегжей ақпарат айтылды, ЖЭК-ті ауыл шаруашылығына енгізудің маңызы аталды.

«Нәтижесінде мамандар жобаға қатысу үшін ұсынылған бес кәсіпорынның ішінен біздің екі кәсіпорынды іріктеп алды. Бұл Өскемен қаласынан «Шығыс Универсал» ЖШС бақтақ фермасы және Риддер қаласынан «Поспелов» ЖК 50 басқа арналған сүт-тауар фермасы»,-деді  Данияр Әкімбаев.

26-27 желтоқсанда Орта Азиядағы табиғи ресурстарды орнықты пайдалану жөніндегі халықаралық сарапшы Динкелакер Йорга жобаны іске асыру барысында көрсетілетін оң әсерді бағалау мақсатында таңдалған кәсіпорындарға барды, сондай-ақ өндірістік қуаттарды одан әрі дамыту және ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізді.

«Жобаны іске асыру 2023 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. Осы мерзімге дейін барлық жоспарланған тапсырма орындалуы керек. Қазіргі кезде қатысу үшін іріктелген кәсіпорындарда жаңадан  орнатылатын жабдықты сатып алу және жеткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біздің кәсіпорындардың жобаны іске асыру нәтижелері туралы біз оны аяқтағаннан кейін міндетті түрде хабарлаймыз», – деп қорытындылады Данияр Әкімбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер