«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда 617 нысан Ashyq жобасымен жұмыс істейді

2021 жылғы 14 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6859 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев өңірде кәсіпкерлік субъектілердің Ashyq жобасына қатысуына байланысты жағдайды баяндады. Палата директоры бизнестің өзекті проблемаларының қатарында жабық нысандағы балалар ойын-сауық орталықтары мен банкет залдарының қызметіне шектеулер сақталып отырғанын атап өтті.

 «2021 жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 617 нысан Ashyq жобасымен жұмыс істеу үшін QR-кодтарды алды, соның ішінде 152 нысан сынақ мерзімінде жұмыс істеп жатыр. Осы ретте Бас санитар дәрігердің №26 қаулысына сәйкес өңірімізде QR-кодпен (check-in) тіркелім санын көп жинаған 30 қатысушы екі аптаға Ashyq көшбасшылары статусын иеленді. Олардың қатарында 24 қоғамдық тамақтану нысаны, 2 кинотеатр және 2 фитнес залы бар – олардың барлығы Өскемен және Семей қаласында орналасқан. Қазіргі кезде осы нысандар өңір «сары» аймақта болса да «жасыл» аймақ критерийлерімен жұмыс істей алады», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамарыбаев.

 14 маусымнан бастап Шығыс Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуге  көшті, өңірдегі сот органдары да жобаға қатысуға өтінім беруге дайындалуда. Егер клиентте Ashyq қосымшасы орнатылмаса, онда Ashyq функционалы енгізілген Аitu, Egov mobile, Kaspi.kz, HalykHomebank, Sberbank.kz сынды қосымшаларын пайдалана алады. Егер клиентте жоғарыда аталған қосымшалардың ешқайсысы болмаса – оның статусын ЖСН  нөмірі арқылы ұйымның қызметкерлері нысанға кіреберісте анықтай алады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры облыстың туристік нысандарында Ashyq жобасының енгізілгені туралы айтты.

 «Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында мобильді қосымша бойынша 99 демалыс нысаны жұмыс істеп жатыр, тағы 13 өтінім аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қарауында жатыр. Өңіріміздің ең танымал демалыс аймағы – Алаколь көліне келер болсақ, көл жағалауында QR-кодтарды 64 нысан, Бұқтырма су қоймасында – 30 нысан  қолданып жатыр», – деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.

 Палата басшысы ШҚО Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес туристік аймақтарға үнемі тексеру рейдтері жүргізілетінін еске салды.

 «Тексерулер QR-код бойынша тіркелім саны аз  нысандарға жүргізіледі. Сонымен қатар мониторинг топтары  Ashyq жобасынана шеттетілген нысандарды қатаң бақылауда ұстайды, қызметті заңсыз жүргізуге жол берілмейді. Сондықтан біз кәсіпкерлерді белгіленген ережелерді қатаң ұстанып, бизнес нысандардың жабылуына әкеп соқтыратын бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз», – деп атап өтті Қайрат Нұржанұлы.

Өңірде Ashyq жобасымен жұмыс істеуді қалайтын кәсіпкерлер арасында кездесетін мәселелер жабық нысандағы балалар ойын-сауық орталықтары мен банкет залдарының жұмысына қатысты. Бұл кәсіп түрлеріне тыйымдар әлі де сақталады. Ұлттық палата жоғарыда аталған кәсіпкерлік нысандардың жұмыс бастауына көмектесу үшін барын салуда, алайда соңғы шешімді Бас санитар дәрігері шығарады.

 Ashyq жобасына қосылу мәселелері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз, тел: 8 (7232) 74-28-14, 74-21-11.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер