«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы: «Әрекет ету керек!»

2021 жылғы 11 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
6845 просмотров

Төрт ай бойы «Жарма ауданының әкім аппараты» ММ, «Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ кәсіпкер Едіге Ыбырайымовқа қатысты сот шешімін орындамай келген. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін кәсіпкер иеліктен шығарылған жер үшін өтемақы ала алды

 Екі жыл бұрын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ШҚО Жарма ауданында «Омбы-Майқапшағай» тасжолына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Алайда тапсырыс беруші «Едіге» жол бойындағы сервис қызметі-кемпингке кіреберіс жолды ескермеген, Бұл кірме жол 6 га жер телімімен қоса кәсіпкер Едіге Ыбырайымовтың иелігінде болған.

 Өткен жылдың қыркүйек айында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді, онда Жарма ауданы әкімінің кәсіпкерге қатысты жер телімін мемлекет мұқтажы үшін белгіленген ақшалай өтемақымен мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызы қанағаттандырылды.

«Кәсіпкер жергілікті атқарушы органмен небәрі 15 млн теңгені құраған мүлікті және бизнесті бағалау сомасына қатысты келісімге келмеген соң, мүлектен шығаруды сот тәртібінде жүргізуге туралы келді. Сот тәуелсіз бағаны тағайындады, нәтижесінде сома бастапқы бағадан бірнеше есе жоғары болып – 70 млн теңгені құрады», – деп түсіндірді ШҚО бизнес-омбудсмені, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева.  

 Мемлекеттік орган өтемақы төлеуді негізсіз ұзартқандықтан кәсіпкер Едіге Ыбырайымов өз проблемасымен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Жарма аудандық филиалының көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

 19 қазанда бұл мәселе ШҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралды. Жиынға келген ШҚО Жер қатынастары басқармасы Кеңесінің жетекшісі Виктория Барсукова бюджеттік өтініш Қаржы министрлігінде қыркүйек айында тіркелгенін айтып, кәсіпкерден бюджет комиссиясы тапсырысты қарап, трансфертті жібергенше күте тұруды сұрады.

 Бірақ кәсіпкер Заңның орындалуын күтуден шаршады. Оның үстінде «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы 68-бабының 4-тармағына сәйкес өтемақы төлеу сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі керек.

Осыған орай, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы іс материалдары «Атамекен» ҚР  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратына жолдады, онда мәселеге Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір жеке өзі кірісті. Едіге Ибраимовтың өтініші ҚР Қаржы министрлігі мен Автомобиль жолдары комитетіне бірден келіп түсті, содан кейін мәселе қысқа мерзімде шешіліп, кәсіпкер оған тиесілі өтемақыны алды.

Құрметті кәсіпкерлер! Егер сіздер мемлекеттік органдар тарапынан бизнесіңізге қатысты заңсыз әрекеттерге тап болсаңыздар ШҚО Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз, тел.: 8 (7232) 742-108, 742-103.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер