«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарында оқу орталықтары құрылуда

2019 жылғы 26 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
3638 просмотров

Иә, мұндай үдеріс елдің барлық өңірінде, біздің Шығыс Қазақстан облысында да жүріп жатыр

 Бүгінде көптеген кәсіпкер оқу орталықтарын ашып, қызметтері халық арасында жақсы сұраныста. Жеке оқу орталығын ашу білім беру қызметін лицензиялау туралы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген соң жеңілдеді.  Енді  1-10 ай аралығында білім беру қызметін жүргізу үшін лицензия талап етілмейді.

Барлық оқу орталықтарын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ  қосымша білім берудің оқу орталықтары (робототехника клубтары, тіл мектептері және т.б.) Екінші топ – кәсіптік дайындау,  қайта дайындау, техникалық және қызмет ету мамандықтар бойынша біліктілікті беру және жоғарылату. Ал бұл бағыттағы оқу орталықтары жеке оқу орталықтары, колледждер мен оқу орындары жанындағы оқу орталықтары, кәсіпорындар және қауымдастықтар жанындағы оқу орталықтары болып бөлінеді.  

–«Атамекен» ҰКП Оқу орталықтарының тізліміне ену процедурасы қалай жүреді? Оқу орталықтарын ашып, жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қанда  й артықшылықтар беріледі?

– Оқу орталықтарының тізліміне ену процедурасы регламенттелген және кәсіпкерлердің ыңғайлығы үшін барынша жеңілдетілген, осы ретте білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына кәсіпкерлердің мүдделері мен мамандардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігі арасында тепе-теңдік сақталған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру және біліктілік беру бойынша білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді. Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП Оқу орталықтары тізіліміне 615 білім беру ұйымы тіркелген, Шығыс Қазақстан облысынан тізілімге 72 білім беру ұйымы енген, соның ішінде 21 жеке  кәсіпорын жанынан ашылған 15 оқу орталығы.

 «Атамекен» ҚР ҰКП тізіліміне ену оқу ұйымдарына ақылы білім беру қызметтері есебінен жұмыс істеуге, сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша халықты дайындау және оқытуға мемлекеттік тапсырысты ала алады.

 Тізілімді қалыптастыру және жүргізу  Өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан алынған мәліметтер мен құжаттар негізінде  жүзеге асады. Білім беру ұйымын Тізілімге енгізу үшін ӨКП жанынан жұмыс топтары құрылады, жұмыс тобы құрамына жергілікті деңгейдегі жұмыспен қамту және білім беру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ӨКП қызметкерлері кіреді.

 ӨКП жұмыс тобымен бірге білім беру ұйымдары берген өтінім мен құжаттарды қарайды, ұйым базасына барып, өндірісті, материалдық-техникалық базаның дайындығын және басқа біліктілік талаптарын тексереді.

Жұмыс тобы ұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды және хаттаманы «Атамекен» ҰКП-ға жібереді.Білім беру ұйымдарының тізілімін мақұлдауға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  ҚР Білім және ғылым минитрлігіне жіберіледі.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тізілімді мақұлдаған соң оны өзінің enbek.kz интернет ресурсына жариялайды, Тізілім, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП интернет ресурсына atameken.kz жарияланады.

 Қалалар мен аудандардың Жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік тапсырысты бөлгенде тыңдаушыларды «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары тізіліміне енген оқу орталықтарына ғана жібереді. Осы ретте кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанынан орналасқан оқу орталықтарына басымдық беріледі.

Кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанынан орналасқан оқу орталықтары –қызметкерлердің біліктілігін арттыру немесе қайта дайындау, сондай-ақ жаңа қызметкерлерді дайындау мақсатында ұйымдарда, кәсіпорындарда және олардың бірлестіктерінде құрылған мамандандырылған оқу орындарының жалпы атауы. Мұндай орталықтар өңірдегі жетекші кәсіпорындардың көбінде жұмыс істейді.

 Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмы істейтін оқу орталықтарын «Атамекен» ҚР ҰКП Оқу орындары тізіліміне енгізу және кәсіпорындарда жаңа оқу орталықтарының ашу бойынша жұмысты жүргізуде. Мамандарға деген тапшылық жағдайында мамандарды өндірістің өзінде дайындау барлық тараптарға тиімді.

 – Оқу орталықтарын ашу жайында толық ақпаратты қайдан алуға болады?

– ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшылары Тізілімге енгізудің барлық кезеңдері бойынша сүйемелдеу көрсетеді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Оқу орталықтары тізіліміне енгізу бойынша толық ақпаратты алу үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыздар: Өскемен қаласы, Победа д-лы 6, 14-кабинет,  тел. 8 (7232) 742-102, сот. 8-747- 202-19-77.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер