«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылда тігіншілікті дамыту ұсынылды

2019 жылғы 12 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9511 просмотров

Мемлекет басшысының «Нұр Отан» Партиясы Съезінде берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларды айтып, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев арнайы өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығы туралы атап өтті. «Швейная фабрика школьной и детской одежды» ЖШС басшылығы бұл идеяны қолдап, облыстың 13 ауданын қамтып, балалар киімінің дилерлік желісін құруды ұсынады.

«Швейная фабрика школьной и детской одежды» ЖШС Қазақстан нарығында екі жыл жұмыс істеуде. Былтыр кәсіпорын 10 млн теңгеге шағын тапсырысты орындады. Бірақ бүкіл өнім елордаға аттанды. Кәсіпорын тігетін «BMC Sales» брендтегі мектеп формасын Астананың 100 мыңнан астам оқушысы киіп жүр. Жуырда ғана жергілікті фабрика «Сән Әлемі» дизайн және технологиялардың ғылыми-зерттеу институты» республикалық тігін мега-кластерінің құрамына кірді. Енді бұл жерде гранттық қаражат есебінен жеке ассортиментті ұлғайту,  жоғарыөнімді жабдықтар сатып алу жоспарланған. Оның бірі – Италияда өндірілген пішу-жабу кешені. Жабдықтың құны – 120 млн теңге, ал қуаттылығы адам еңбегінен 10 есе артық. Осы арқылы биыл фабрика мектеп формасы және балалар киім пішу бойынша тізбекті іске қосып, аудандардағы шағын цехтерді тапсырыстармен жүктемек.

 «Тігін фабрикамыздағы базасында дилерлік желі құрылғалы жатыр, желі Петропавл қаласы және облыстың 13 ауданын қамтиды. Қазіргі таңда кәсіпорында 35 адам жұмыс істеп жатыр, ал жыл соңына қарай тігіншілер мен басқа да қызметкерлердің саны 80-100 адамға артады. Қазіргі таңда әр аудан орталығында біздің кәсіпорын және аудан орталығы арасында тауар сүйемелдейтін дәнекер бола алатын кәсіпкерлерді іздеудеміз. Таңдау аудан әкімдіктері, Кәсіпкерлер палатасы филиалдары, аудандық білім беру басқармаларымен бірге жасалады», – деді «Швейная фабрика школьной и детской одежды» ЖШС атқарушы директоры Александр Белоконенко.

Бұл бастама Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП XVIII съезінде белгілеген тапсырмаларын орындауға, ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Тігін ісі солтүстік өңірдің ерекшелігі бола алады. «Өңірлік бағдарламаларды» құру, әр өңірдің ерекшелігін анықтау, бизнес дамуына жаңа бағыттарды табу және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев айтып кетті.

 «Атамекен» өткен жылы Атырау облысының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтайтын  зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде Атырау облысында күнделікті тұрмысқа қажетті, жалпы соммасы 100 млрд  теңгеден асатын қарапайым тауарлардың сырттан әкелетіні анықталды.  Ал, егер осы тауарларды сол өңірдің өзінде шығарар болсақ, шамамен 700 орта және шағын бизнес ашылып, 8 мыңға жуық адамға жұмыс орны ашылар еді. Дәл осындай жағдай басқа да өңірлерге де қатысты екеніне сенімдімін», – деді Тимур Құлыбаев.

 Осылайша наурыз айында жергілікті фабриканың өкілдері аудандардағы кәсіпкерлермен кездесіп, ынтымақтастық шарттарын талқыламақ. Бүгінде аудан орталықтарында киім тігу шағын цехтарын ашуға мүмкіндік бар. Бұған қоса ауылдың бастауыш кәсіпкерлері «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 100 АЕК  көлемінде мемлекеттік гранттарды пайдалана алады. Айта кетелік, биыл «Бастау» жобасы бойынша жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытудан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 40 мың жұмыссыз жас буын оқытылады. Бұған қоса сұранысты ескере отырып, Тимур Құлыбаев  жобаға бөлінетін қаржыны 20%-дан 30%-ға көтеруді ұсынды. Осылайша бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі 63 млрд теңге болуға тиісті.

 «Қаржылық қолдауды қысқа мерзімді оқудан өткен тігіншілерге жабдық сатып алуға жұмсауға болады. Бұл жаңадан құрылған шағын тігін шеберханаларын жабдықпен жабдықтаудың құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорнымыз тігіншілерді үш немесе алты айлық курстарда оқытуға, осы проблеманы шешуде өз қызметін ұсынуға дайын. Фабрика базасында «Тігін шебері» оқу орталығы бар. Курсанттарға шәкіртақы төленеді», – деді мектеп және балалар киімдері фабрикасының коммерциялық директоры Әсемгүл Күшірбаева.

 Қазіргі таңда баллар киімің тігуге шикізат Түркия, Өзбекстан және Ресейден әкелінеді. Әзірге отандық жеңіл өнеркәсіп саласы өндірушілерінде бала киімі стандарттарына сай келетін тауарлар жоқ. Алайда бұл мәселені де шешуге болады, деп санайды кәсіпорындар. Сонымен қатар, зауыт басшылығы аудандардағы шағын тігін цехтарын ашу, зауыттың технологиялық мүмкіндіктерін пайдалану аудандарда фермерлерге арнайы киіммен, ал мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерді кеңсе киімімен қамтамасыз ету проблемаларын шешетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер