«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ертегі кейіпкерлері ойыншықтарға негіз болды

2018 жылғы 12 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
7135 просмотров

Өскемендік тұрғын Нұрлан Досмұраттың қазақ халық ертегілері негізінде ойыншық өндіру стартап-жобасы «STARTUP BOLASHAK: менің арманым» республикалық байқаудың финалына шықты. Бұл байқауға 500 стартапшы қатысты.

Жоба авторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өндірістік оқыту шебері, барлығы хоббиден бастау алды деп айтты.  

«Жұмысымдағы негізгі технология – цифрлық басқару бағдарламасы бар білдек. Мен осы білдекпен жұмыс істегенді ұнатамын. Лазер сәулесі арқылы түрлі бұйым ою жақсы ермек», – дейді Нұрлан.

 

Бір жарым жыл бұрын жігіт 350 мың теңге жинап, лазер білдегін сатып алған. Жеке қаражатқа кішігірім қуаты бар құрылғы ғана келді.  

 «Мұндай қуаты бар білдек шерені (фанера) кесе алмайды, сондықтан негізінен киіз және былғарымен жұмыс істедім. Сырға, сәукеле мен кеудешелерді ойып, әзірледім. Өнімді достарым, таныстар сатып алып жүрді. Бұл жай ғана хобби болды», – деді жас бизнесмен.

 Уақыт өте келе ұлттық нақышта ағаштан ойыншық жасау идеясы келді. Экологиялық және дамытушы ойыншықтар. Осы ермек нағыз бизнеске айналды. Кәсіпкер қосымша цифрлық басқару бағдарламасы бар ағаш жонатын және фрезерлі білдектерді сатып алады да шағын цехты ашты. Ойыншықтарды кәсіпкер қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен құрады, қару жарақтар мен ойыншық жиһаздар әзірледі. Ойыншықтар оюмен өрнектелді.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаға салынған 700 мың теңге желтоқсан аяғына дейін өтеледі. Ойыншықтар тез арада өз тұтынушыларын тапты, оған инстаграм желісі көмектесті, сондай-ақ, демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкелер жақсы өткізу нарығына айналды. Ойыншықтардың бағасы қолжетімді, 500-2000 теңге аралығында. Жас кәсіпкердің айтуынша, түрлі пазлдар жақсы өтеді.

Соңғы жаңа өнім – ШҚО форматында пазл. Сұраныс ұсынысты тудырады демекші, қазіргі таңда цехта 40 түрлі ағаш ойыншық жасалады. Енді бір адамға жұмыс ауқымы көптік етіп тұр. Жуырда Жұмыспен қату орталығы арқылы 4 адамды жұмысқа алу көзделген. Енді шағын кәсіпорын әлеуетін кеңейтіп, сауда үйлері мен дүкендермен жұмыс істемек.

 «Нұрлан» – «Бастау» жобасы биыл өтіп жатқан 5 легінің тыңдаушысы. Бұл идеяны ол баяғыдан ойластырған. «Бастау» оны жүзеге асыруға көмектесті, білім игеруге, жаңа нәрселерді үйренуге жол ашты. Оқу барысында Нұрлан сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен, әлеуетті серіктестермен жақынырақ танысты», –деді бизнес-тренер Рамиль Егізбаев.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы деректері бойынша қазіргі таңда «Бастау» жобасы бойынша 5 лектің оқуы аяқталды. Барлық оқып шыққандар саны  2533 адам немесе жоспарлы көрсеткішті жалпы санынан 94%-ды құрады. Түрлі себеппен 187 бағдарлама қатысушысы оқудан шеттетілді. Облыстық комиссия алдында 1699 адам немесе 67% жоспарын қорғады.

  2017-2018 жылдары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жалпы сомасы 1170,4 млн теңге көлемінде  418 жоба қаржыланды, 109,2 млн теңгеге 39 жоба мақұлдау алды.

 Агро несиелеу корпорациясы арқылы жалпы сомасы 126,9 млн теңгеге 27 жоба қаржыланды, екінші деңгейлі банктен 2 жоба қаржы алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер