«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Күркедегі» демалыс: спорт бизнесінің құны қанша?

2018 жылғы 27 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5022 просмотров

Зыряндағы жеке кәсіпкер спорт туризмінде құны 3 миллион теңгеден жоғары тұратын жобаны жүзеге асыруды қалайды

Светлана Маслова былтыр спорт туризмі саласында қызмет көрсету саласын ұйымдастыруды ойға алған. Светлана көптеген жыл бойы Зырян ауданында тұрады. Сондықтан жобаны жүзеге асыру орнын таңдау аса қиындық тудырмады. Путинцево және Малеевск ауылдық округтерінің көрікті жерлері көздің жауын алып, салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін нағыз демалыс орны.

Кәсібін енді бастаған Светлана Маслованың есептеуінше «Зырян ауданында спорт туризмі саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңгеден атсам қаражат керек. Туристік құрал-саймандар, тау және серуенге арналған велосипед, туристік шатыр, қажетті жабдықтар, рюкзактар алу үшін жұмсалмақ. Іскер әйелдің айтуынша салынған ақша қысқа мерзімде өтеледі.

«Біздің клиенттер негізінен облыстың тұрғындары мен қонақтары, жаяу және атты серуенге шыққысы келетін жандар, сонымен қатар тау және серуенге арналған велосипедті ұнататындар болады», ­- дейді Светлана Маслова.

Бүгінде Светлана өз күшімен 400 мың теңге ғана жинаған. Ол ауданда жаңа бизнесті ашу үшін грантқа өтінім берген кәсіпкерлердің бірі.

Атап айтқанда, туризмнің бұл түрі жаңа әрі әлеуетті бағыттың бірі саналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер