«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Несие серіктестерінің мәселесі шешімін таппады

2018 жылғы 06 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
5689 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы сот талқылауы барысында заңсыз ынтымақты жауапкершілікке келісуді және серіктестіктің адал және жосықсыз қатысушысы түсінігін бөлуді құптауға басымдық беріп келеді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында соңғы кезде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан несие серіктестерінің мәселесі бойынша жүгіну жиілегенін айтып отыр. Кей қатысушылар қарызды уақытында немесе уақытынан бұрын қайтарады. Алайда, орындау өндірісі бойынша өндіріп алу салдарынан несие серіктесінің жосықсыз қатысушыларының кінәсінен қатысушылардың баралығы қарызды төлеуге міндетті.

Мұнымен қоса, серіктестіктің кейбір қатысушыларында қандайда бір мүлік мүлдем жоқ, осыған байланысты өндіріп алу шарасы мүлкі мен еңбекақысы бар қатысушыларға ғана қолданылады. Осылайша, міндеттеме бойынша жауапкершілік бірді-екілі қатысушыларға ғана жүктеледі.

«Нәтижесінде, сот орындаушыларының қалыптасқан тәжірибесінде қосқанда өткізу үшін сауда-саттыққа қою мақсатында адал қатысушылардың барлық мүлкі – үй, мал, автокөлікке тыйым салынады,  сондай-ақ еңбекақысының жартысы алынады. Жоғарыда аталған әрекеттің соңы жағымсыз, несие серіктестігі қатысушыларының қаржылық жағдайы төмендейді, кәсіпкерлердің қызметі тұралап қалады, тіпті өмір сүруге қаржы таппайтын да жағдайға ұшырайды», – дейді ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшылары.

Қарыз берушінің алдындағы қарызы үшін несие серіктестігі қатарына жаңа қатысушыларды қабылдай алмайды немесе қатысушылардың қатарынан шығара да алмайды. Әділет органдары  қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты серіктестікті тіркеуден бас тартып отыр.

«Несие серіктесі қатысушыларының қатарында орындау құжаты бойынша қарызы бар болған жағдайда несие серіктесі қаржы алуға ниетті жаңа қатысушыларды өз қатарына қабылдай алмайды. Мұнымен қорса, әкімшілік айыппұлды, салық бойынша қарызды және үшінші тұлға алдындағы басқа да міндеттемелерді өндіріп алу туралы орындау құжатының болуы несие серіктесі қатысушысының құрамына кіруге кедергі болмауы керек, себебі мұндай құжаттың болуы несие серіктестігінің қызметіне әсер етпейді.

Осылайша, мемлекеттік тіркеу туралы заң нормасы орындау құжатының талабын орындауға ешқандайда ықпал етпейді, бірақ бизнесті ары қарай дамытуға кедергі болады. Себебі бизнесті дамыту үшін ­– әлеуетті бағыт – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, бұл жағдайда несие алуға ниетті тұлғалар әділет министрлігінің бас тартқаны үшін несие серіктесінің қатысушысы бола алмайды», – дейді «КТ ШемАгроКредит» ЖШС басқарма төрайымы Вера Нартова өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолдаған өтінімінде.

Несие серіктестерінің мәселесі Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте талқыланған. «Ертіс» ӘКК АҚ талап арызы бойынша сот талқылауы бырысында адал және жосықсыщ қатысушылар арасында саралауды соттық қолдануына бастама етуде ынтымақты жауапкершілік келісімін заңсыз деп тану туралы өтініші республикалық деңгейде Үкіметке және ҚР Бас прокуратурасын жолданған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қарыз келісімшарты бойынша тиісті емес орындағаны үшін жеке жауапқа тартуды енгізу, ал «Ертіс» ӘКК АҚ тікелей қарыз берушісіне несие серіктесінің төрағаларымен бірлесіп сот орындаушыларымен орныдау өндірісі бойынша жосықсыз қарызгерлерге қатысты жан-жақты шара қолдану тәжірибесін бекіту бастамасы көтерілді. Бүгінде заңды тұлғаларды қайта тіркеу мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП-ның түйткілді мәселелер реестріне енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер