«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» курсының сертификатын 37 бітіруші иеленді

2017 жылғы 07 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6007 просмотров

5 маусым күні «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебінің 37 түлегіне сертификат табысталды

Түлектер Өңірлік Іскер әйелдер кеңесі Жас кәсіпкерлер мектебінің ІІ маусымында оқып, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер кеңесінің «Бизнес-Кеңесші» курсын аяқтады.

Салатанатты марапаттау сәтінде ШҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Аванград плюс» мектебінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова, ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Оксана Желякова, Жас кәсіпкерлер мектебінің оқу және әдістеме жөніндегі үйлестірушісі Христина Дорошенко, Жас кәсіпкерлер мектебінің ұйымдастырушылық-тәрбиелік жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Любовь Лазарева, Жас кәсіпкерлер мектебінің профильдік оқытушысы, ШҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Талғат Қасенов, ШҚО Іскер әйелдер кеңесінің коуч-мүшелері Айгүл Ахметжанова мен Ольга Иванова түлектерге арнап сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

Білім алушылар да жылы лебіздерін білдіріп, Жас кәсіпкерлер мектебінің ІІ маусымы жайлы түсірілген таныстырылымды тамашалады.

Іс-шара соңында ШҚО Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырушылар мен коучтерге жастарды кәсіпкерлікке баулығаны үшін алғыс хат табыс етті.

Аванград плюс» жас кәсіпкерлер мектебінің ІІІ маусымы осы жылдың 1 қазаннан 5 желтоқсаны аралығына жоспарланған. Қатысу үшін қазірден бастап өтініш беруге болады. Қызығушылық танытқандар болса, өздерінің байланыс мәліметтерін (аты-жөні, оқу/жұмыс орны мен телефон нөмірлерін) «Жас кәсіпкерлер мектебі» деп көрсетіп, regionuk@list.ru почтасына жолдауы керек.

Жас кәсіпкерлер мектебінің ІІ маусымын 5 білім алушы бітірді. Осыған орай ұйымдастырушылар гендерлік, жасқа қатысты шектеулерді алып тастауды ойластырып отыр. Кәсіпкер боламын деген азаматтардың барлығы да қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер