«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері ара өсіруді үйренді

2017 жылғы 02 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
5894 просмотров

Омарташылыққа арналған алғашқы семинар мамыр айында өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығымен бірлесіп кәсіпкерлерді омарташылыққа баулыды.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қауырт жұмысына қарамастан, семинарға 17 адам қатысты. Семинар тақырыбына қызығушылық білдірген кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары», ­– деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік бөлімінің сарапшысы Ғалиябану Сиғаева.

Шаруа қожалығының басшысы Райхан Мукушев көп жылдан бері омарташылықпен айналысып келеді. Сондықтан сарапшылар мен білім алушыларды өз шаруашылығының жұмысымен қуана таныстырды.

Оқу барысында теориялық әрістермен қатар практикалық білім берілді. Озық технология мен әдістемені пайдалана отырып өткізілген сабақта қатысушылар берілген білімді іс жүзінде қолданала алды.

Дәріс оқушы Игорь Руковицин мен Наталья Валитованың жетекшілігімен барлық қатысушылар «Ара» шаруа қожалығының омартасына барып, араларды көрді. Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сертификаты берілді.

Шығыс Қазақстан облысында жоспар бойынша мал шаруашылығы мен өсімдік өсіру саласына арналған 28 семинар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Call-орталығы мен Агробіліктілік орталығының fermers.kz сайты жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығын өндірушілер мен шаруалардың барлығы да 8 800 080 80 10 және 1432 нөмірлері арқылы хабарласа алады.

Облыста жоспарланған семинарларға қатысу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7232) 702-954  мобильді: +7-777-57-96-777


Еншілес ұйымдар

Серіктестер