«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тіл үйірер отандық бал өнімі қытайларды да тамсандырмақ

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
10973 просмотров

Шығыс Қазақстанның балы Қытай нарығына шығарылады

Глубокое ауданының омарташылары келесі жылы өз өнімдерін Қытайға жеткізуге ниеттеніп отыр

«Sun Bee Altay» ЖШС балы халықаралық сертификаттаудан өтіп үлгерді, енді өнімдерін Қытай еліне тасымалдауға дайын. Бұл Қазақстандағы ең бір жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Балды өлшеп орайтын технология Даниядан арнайы сатып алынған. Барлық процесс толығымен автоматтандырылған. Осы заманғы конвейер балдарды сүзгіден өткізуге, жылытуға және түрлі ыдыстарға құюға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта шыны, пластик, тіпті қайыңның қабығынан жасалған ыдыстар қолданылады. Сондай-ақ мұнда қоспаларды бірегей ескі рецепт бойынша шығару жолға қойылған. Ол технология бойынша балға қызылжидек, қара бүлдірген және шырғанақ қосылады. Айта кетерлігі, өнімге тек қана табиғи өнімдер араластырылады, құрамынан жасанды консерванттарды, дәмдеуіштерді және басқа да қоспаларды кездестіре алмайсыз. Пайдалы заттардың мұндай үйлесімі иммундық жүйені күшейтеді, сондай-ақ ағзаны сауықтырып, жасартады.

«Біздің кәсіпорнымызда өндірістік процестердің сапасын бақылау жүйесі енгізіліп, сертификатталған, – дейді «Sun Bee Altay» ЖШС директоры Игорь Руковицын. – Барлық өнімдер Ұлттық сараптау орталығының облыстық филиалында және Қазақ тағамтану академиясында сараптамадан өтеді. Біздің алдыңғы қатарға сапаны шығаруымыз тектен тек емес. Экспортқа шығарылатын балдың құрамында антибиотиктердің немесе пестицидтердің қалдығы қалмауы керек. Мәселен, Жапонияда 70 тонна балдан 1 таблетка шамасында антибиотик анықталса, тауар топтамасын жарамсыз деп табады».

Сатып алушылардың бұл тұрғыда түйгені: жергілікті бал ұзақ шекерленбейді және өзінің ерекше дәмі мен хош иісі бар. Құю кезінде массадан барлық қажетсіз жүзгіндер мен кристаллдар алынып тасталады, сондықтан да мұндай өнім тәтті құмарлардың бақытына орай, ұзақ сақталады. Айта кетерлігі, биыл Гонконг тұрғындары да отандық тауардан ауыз тиіп көріпті. Сынама топтама темір жол арқылы жөнелтілген, дер кезінде жетіп, жергілікті базарда демде сатылып кеткен. Ұжым 2017 жылға ауқымды жоспар құрып отыр. Ол – Қытай нарығын жаулап алу. Қытайда бал мыңдаған омарталарда өндірілетінін ескерсек, бұл жоспардың жауапкершілігі ерен. «Біздің кәсіпорнымызда үш мың ара ұясы бар. Биыл 86 мың тонна бал алдық. Мұндай көлеммен сыртқы нарыққа шығуды бір Құдайдың өзі бұйырып тұр», – дейді Игорь Руковицын.

Олар өз өнімдері барлық бәсекелестерінен артық болатынынаеш күмәнданбайды. Шығыс Қазақстан да балсыз қалмасы анық. Мұндағы тұрғындар бал шарабын өндіретін технологияны да меңгере бастады. Көп ұзамай бұл өнім де өңірдің танымал брендіне айналуы бек мүмкін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер