«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа жылда – жаңа құрам

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
7080 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы іске кірісті

Өңірлік кеңестің жаңа құрамына әр аудандағы кәсіпкерлер кеңесінің 18 төрағасы кірді. Ал қалған 12 мүшесі Өскемен мен Семей қалаларындағы қауымдастықтардың, ірі бизнестің өкілдері. Олар өңірдің негізгі және дәстүрлі бизнес салаларындағы мәселелерді ортаға салатын болады.

«Менің ойымша, бұл тәжірибе Өңірлік кеңестің жұмысын бұдан ары жандандыруда және қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауда өте ыңғайлы», – деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Жаңа Өңірлік кеңес құрамының төрағасы ретінде бірауыздан «СемАз» ЖШС бас директоры Асемқан Досқожанов сайланды.

Өңірлік кеңестің бұған дейінгі құрамының жұмысы кезінде облыс кәсіпкерлерінің көптеген өзекті проблемалары көтеріліп, шешімін тапты. Мәселен, ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметі мен оларға берілетін жеңілдіктерді ұйымдастыру бойынша, қазіргі таңда, ШҚО-да 56 ауылшаруашылық кооперативі құрылды; ҚХР-ға ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі таңда отандық балды экспорттауға мүмкіндік ашылды; байқауға мемлекеттік сатып алулар тәсілімен қатысатын  жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді; жергілікті өндірушілердің проблемалары шешілді; тендерден кейін міндетті түрде бақылау жүргізілетін болды, ШҚО-да жоба Мемлекеттік сараптама ұйымында бекітілген кезден бастап, тапсырыс беруші сатып алып, пайдаланғанға дейін  бақыланады; контрагент-жалған кәсіпкерлермен арадағы келісімдер бойынша екі рет салық салу проблемасы жойылды; бас жоспарлар мен толық жобалау жоспарлары жоқ болған жағдайларда жертелімдерін бөлуге атсалысты; орман және су қорғау жүйесіндегі кәсіпкерлердің проблемаларын шешуге көмектесті.

«Иә, осы уақыт ішінде аз жұмыс жасаған жоқпыз. Бірақ Өңірлік кеңестің шешер және атқарар істері әлі алда. Бәріміз Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы кәсіпкерлер проблемасын шешуге және бизнесті дамытуға орасан зор үлес қостық», – деп түйіндеді Асемқан Досқожанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер