«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отбасылық бизнес ауылды өркендетуі мүмкін

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
8295 просмотров

Галкиндер жанұясының отбасылық бизнесі болашағы бұлыңғыр ауыл тұрғындарының соңғы үміт отын жақты

Сарыбел ауылы Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында орналасқан. Мұнда жыл өткен сайын ауыл тұрғындары сиреп барады. Елде жұмыссыздық етек алып, екі қолға бір күрек табылмайды. Әзірге Галкиндер жанұясының бизнесі ауыл тұрғындарының соңғы үміті болып тұр.

Кәсіпкер Назира Галкина бүкіл жанұясымен туған жеріне жаңа өмір сыйлағысы келді. Кәсіпкер әйел «Ласточка» атты кооперативті басқарады, онда ол ірі қара малдың тұқымын асылдандырумен айналысады, оған қоса Сарыбел ауылында доңғалақ жөндеу бекетін ашты. 

Бизнес-ледидің жолдасы ауыл тұрғындарына сұранысқа ие барлық қызметті көрсетеді.

«Трактордың, шөпшапқының, тырманың арқасында, ауылды шөппен, сабанмен, көмірмен, отынмен және тағы басқамен қамтамасыз етіп келемін, – деді Назира Галкина шілде айында өткен «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша ауылда шағын несие берудің гендерлік қырлары» атты дөңгелек үстелде. – Өйткені, біздің ауыл түкпірде орналасқан, онда ешбір өндіріс жоқ. Ал, біз ауылда тіршілік қайнап жатса екен дейміз».

Назира Галкинаның қызы несие алып, Бұқтырманың жағасында шағын демалыс базасының құрылысын бастады. Бірақ оның ісі жарты жолда тоқтап тұр, себебі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілмей жатыр. Екі жылдан бері Галкиндер аудандық және облыстық органдарға осы мәселені шешіп беруін өтініп жүр, әзірге еш көмек жоқ.

«Біздер жаңа жұмыс орнын ашқымыз келеді, – деп сөзін жалғастырды Назира Галкина. – Біздің ауыл аз күнде құрып бітеді, өйткені, жұмыс орындары жоқ. Бізді қолдаңыздар! Менің отбасым жұмыс істегісі келеді. Тағы да он шақты бұқа сатып алып, солардан тұқым таратуды көздеп отырмыз, сонда сиырларымыз іріленеді, асыл тұқымды, сүтті болады. Сіздер сүтке, қаймаққа, ірімшікке мұқтаж болмаса екен дейміз. Өзімізде бәрі болсын дейміз, ауылдың, қазақтың ұлттық дәмі мол болсын деп жатырмыз. Осы ұлттық дүниемізге ие болсақ, қонағымызға тек табиғи тамақ ұсынсақ, сонда көп адамдар қазақтың асы не екенін біліп жүрер еді».

Галкиндер отбасының бизнеске қатысты ұстанымы берік. Сарыбелдік кәсіпкерлердің жанайқайын еститін жан бола ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер