«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәлімгер мәртебесі биік болуы тиіс

2016 жылғы 20 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
11592 просмотров

Өскеменде Қазақстан-Германия жобасы аясында ұйымдастырылған тәлімгерлерге арналған екікүндік оқу семинары өтті

Оған қызметкерлерді басқару қызметінің мамандары (кадр бөлімдері), өндірістік телімдержің басшылары, бригадирлер, еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бөлімдерінің өкілдері, облыстағы дуальды оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейтін колледждердің мұғалімдері қатысты.

Неміс сарапшысы Гюнтерн Нойммен бірге тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселелері, кәсіпорындарда тәжірибеден өту барысында студенттерді бақылау, студенттердің барлық тәжірибе түрлерін ұйымдастыру механизмдері сияқты мәселелер талқыланды.

Семинарға шақырылған психолог қатысушыларды студенттердің психологиялық ерекшеліктерімен және олардың өндірістік қызметке деген қызығушылығымен таныстырды.

Семинарға тәлімгерлік жұмыстарына қызығушылық танытқан 10 кәсіпорыннан 34 тыңдаушы мен колледжердің 6 өкілі қатысты.

«Тәлімгерлерді оқыту жұмыстары басталып кетті, мамандарды даярлау барысында тәлімгердің мәртебесі лайықты бағалануы керек», – деп атап өтті «Қазцинк» ЖШС балқыту цехының басшысы Раджан Чингалиев.

 Оқу соңында келесі семинарларда қарастырылатын мәселелер анықталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер