«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кедендегі келеңсіздіктер

2016 жылғы 03 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
10534 просмотров

Семей қаласының кәсіпкерлері «Семей» бекетіндегі кедендік тазартуға қатысты тыйымға наразылық танытты

Енді Қытайдан келетін жүк Өскемен мен Павлодарға жөнелтілетін болады. Осыған орай, Кәсіпкерлер палатасына Семей қаласындағы 11 бизнес субъектісінен өтініш келіп түсті. Олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қытайдан келетін тауарларды «Семей» бекетінде кедендік тазартуға қатысты тыйымына қарсылық білдіруде.

Тәуекелділік құжатына сәйкес, Қытайдан әкелінетін тауарлар Павлодар және ШҚО (Өскемен қаласы) МКД кедендік рәсімдеу орталығына «Транзит» шекаралық кедендік бекеттері арқылы кедендік процедура бойынша жөнелтілуі тиіс. Онда олар «Ішкі тұтынуға қажет өнім» процедурасы бойынша кедендік тазартудан өтуі қажет.

Кәсіпкерлер палатасында ҚР ҚМ МКК «Семей» кеден бекетінде Қытайдан келетін тауарларды кедендік тазартудан өткізуге тыйым салу» туралы шешімі кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі болады деп санайды. 

«Кедендік рәсімдеудің мұндай реті ішкі экономикалық қызмет қатысушылары үшін көптеген кедергілер туғызады. Себебі, олардың көлік шығындары көбейеді, сонымен қатар, олар тасымалдаушылар, жүргізушілер мен екі қаладағы кеден өкілдеріне қосымша қаражат төлеуі тиіс болады. Сол себепті, келушілер легі көбеюде және автокөліктердің «тұрып қалу» қаупі бар. Жалпы «Семей» кеден бекетінде Қытайдан келетін тауарларды кедендік тазартудан өткізуге тыйым салу шешімі кәсіпкерлер үшін тағы бір әкімшілік кедергі болмақ. Сонымен қатар, ол Қазақстан кеден органдары қызметі қағидаттарына қайшы болып отыр. Себебі, олардың басты міндеті – кедендік бақылау мен кедендік декларациялауды жүзеге асыру әрі жетілдіру. Сондай-ақ, олар кедендік операцияларды іске асыруды қиындатудың орнына, жеңілдетуі тиіс», – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы  директоры Игорь Шацкий.

Оның пікірінше, сауда секторы өңір үшін кәсіпкерлік қызметтің негізі түрі болып отыр. Ал, аталған келеңсіздіктер барлық тауар түрлерінің қымбаттауына алып келуі ықтимал. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер