«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбегі де, еті де адал

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
8971 просмотров

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының арқасында Серебрянск қаласында шағын кәсіпорын ашуға мүмкіндік туды

Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласындағы шикідей қақталған ет өнімдерін өндіру жөніндегі цехта айына екі тұтас мал етін кәдеге жаратады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорын ашу мүмкіндігі туып, жеке кәсіпкер Лариса Ахмедьянова бұл бағдарлама аясында 3 млн теңге алған.

Өндіріс орнын ашу тұрақты жұмыспен үш адамды қамтамасыз етті. «Мен өз ісімді жақсы білем және өз өзіме сендім, себебі мен тағам өнеркәсібінде 36 жыл жұмыс жасап келдім, – деді Лариса Ахмедьянова. – 2014 жылы қазы-қарта, жал-жая өндіретін цех аштым. Уақыт өте келе, мен өнімдер түрін ұлғайтып, шұжықтар, бұқтырылған ет шығара бастадым.Тауарды жергілікті дүкендер мен Өскеменге жеткіземіз».

Кәсіпкердің айтуынша, оның өнімдеріне облыс орталығында сұраныс бар, бірақ ол тұрақты емес. «Серебрянскіде тұрақты өткізу орындары болу үшін, біз мектеп асханасы мен кафені жалға аламыз. Клиенттеріміз, әсіресе, біздің бұқтырылған етті жақсы көреді, себебі, ол нағыз еттен жасалған. Оған бір грамм да соя қоспаймыз», – деп мәлімдеді ол.

Лариса Ахмедьяноваға ірі шұжық кәсіпорындарымен бәсекеге түсуге тура келеді. Ол бұл күресте өнімдерінің жоғары сапасының арқасында жеңілмей келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер