«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ағарған ішіңіз!

2016 жылғы 25 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
11548 просмотров

Жарты ғасырдан астам уақыт Шемонаиха сүт зауыты Шығыс Қазақстан нарығына дәмді әрі пайдалы сүт өнімдерін шығарып келеді

Өз ісіне адал кәсіпкер тұтынушыларын жоғары сапалы табиғи сүт өнімдерімен қуантудан жалыққан емес.

Мемлекеттік кәсіпорынның іргесі сонау 1959 жылы қаланып, 1996 жылы  «Исток» атауымен жеке өндіріс орнына айналды. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері сүт өңдеу жұмыстарында көнеден қалыптасқан ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ары қарай дамытуды жалғастыруда.

Бүгінде зауыт тұтынушылардың талғамын дөп тауып, өнімнің дәмі мен сапасына кепілдік жасап, жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін, қазіргі заманға сай еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кәсіпорын мамандары техникалық өзгерістерді қатаң бақылап, жабдықтарды жөндеу және жаңарту жұмыстарын жиі жүргізеді.

Шемонаиха сүт зауытының мол тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі уақытта «Исток 1» ЖШС сүт өнімдерін өңдеу мен шығару ісінің сапалы жаңа деңгейіне жетті. Жыл ішінде Шемонаиха сүт зауыты ізбасары атанған өндіріс, отандық өндірушілердің шикізатынан өнім дайындайтын, үлкен тауар айналымы бар жаңа заманның кәсіпорнына айналды.

Зауытқа шикізатты «Камышенское» шаруа қожалығы және 100 шақырым қашықтықта орналасқан жақын аудандардағы шағын фермерлік шаруашылықтар жөнелтеді. Бұның бір артықшылығы жылдам жеткізудің арқасында (2-4 сағат) зауыттағы сүт өнімдерінің барлық пайдалы қасиеттері сақталған. Айта кететіні, өзге сүт өңдеу зауыттарында шикізатты жеткізу уақыты орта есеппен 12 сағатты құрайды. Нәтижесінде сүт құрамындағы кальциймен байытылған пайдалы қасиеттері жойылады.

Әкелінген сүтті өте мұқият таңдап, зерттеуден өткізеді. Зертханада оның тазалығын (сүттің құрамындағы әртүрлі қоспалар), тығыздығын, қышқылдығын және майдың массалық үлесін анықтайды. Осы көрсеткіштер бойынша шикізат сапасын белгілейді. Егер сүт барлық белгіленген талаптарға сай болса, оны ары қарай өңдеуге жібереді.

«Исток 1» ЖШС жаңа автоматтандырылған құрылғылары сегіз сағаттық жұмыс уақытында 120 тонна сүт өңдей алады. Бұл жерде шикізат көп сатылы тазартудан кейін «қаймағы алынбаған» және  «стерильденген қоюлатылған сүт» сынды әртүрлі желілерге бөлініп, ыдыстарға құйылады және пакет қаптамалармен оралады. Ары қарай сүт құйылған пакеттер, ірімшік қаптамалары, құтыдағы қаймақтар және тағы басқа өнімдер қоймаға жөнелтіледі. Ол жерде 3-4 градус температурада сақталады. Осындай  орындарда сүт өнімі салқындатылады және байытылады.

Сүт зауытындағы сапаны бақылау жұмыстары шикізатты қабылдау кезінде ғана емес, сондай-ақ барлық технологиялық процесс барысында да жүргізіледі. Қоймадан тиеп алып келгеннен кейін өнім қайтадан зертханадан өтеді. Ол жерде мамандар сынамаларды алып, физика-химиялық көрсеткіштерін тексереді және оның құрамындағы қышқылды анықтайды.

«Исток 1» ЖШС сапа бақылау жүйесін, сүтті сатып алғаннан бастап дайын өнімді шығарғанға дейін, барлық кезеңдерде қатаң жүргізеді. Компанияның «Сапа менеджмент жүйесі» ISO 9001:2008 сериалы стандартына сай сертификаты бар және де барлық ISO HACCP 22000:2005 халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келеді. «Исток 1» ЖШС сүт пен сүт өнімдерінің жоғары сапасының басты кепілдігі – мол тәжірибе, заманауи құрылғы және қызметкерлердің жоғары біліктілігі болып отыр.

Бүгінгі таңда кәсіпорын қазақстандық және шетелдік тұтынушыларға табиғи, таза сүт өнімдерінің 8-ге тарта түрін ұсынып отыр.

Сапалы өнім өндірудің арқасында «Исток 1» ЖШС барлық өнімдерінің құрамында адам ағзасына пайдасы мол пробиотикалық заттар бар.

«Исток 1» ЖШС Қазақстанда алғашқылардың бірі болып МЕМСТ 1923-76 бойынша майлылығы 8,6% «зарарсыздандырылып қойылтылған» сүт өндіру ісін жолға қойғанын, атап өткеніміз жөн. Осы саланың үздігі, табиғи, сапалы өнім өндіруші «Исток 1» ЖШС – пайдалы, зияны жоқ сүт өндірушілердің бірі ретінде өзінің беделін арттырды.

Аталған сүт өнімінің түрін дайындау технологиясының жұмысы өте көп, шығыны да жетіп артылады. Сол үшін өндірушілердің көпшілігі мәселенің жеңіл жолын іздеп, алмастырғыш қоспаларды қосады. «Исток 1» ЖШС дәстүрге адал. Сол себептен де бүгінде танымалдылыққа ие болып отырған пальма майы, құрғақ сүт өнімдерін мүлдем қолданбайды. Нәтижесі де көңіл қуантады. «Исток 1» ЖШС бәсекелестерінің арасында осы қасиеті үшін де дараланады. Оған компанияның қазақстандық және халықаралық көрме-жәрмеңкелерге қатысып алған көптеген сыйлықтары да дәлел.

«Исток 1» ЖШС сүт өнімдері нарығында өзінің артықшылығын сан мәрте дәлелдеп шықты. Әсерлі өндірістік қуат, қатаң сапа бақылауы, тәжірибелі менеджмент барлығы кәсіпорынның тұтынушылары мен бизнестегі серіктестерінің сеніміне кіруге септігін тигізді.

Аталмыш сүт өнімі 0,320 грамм ыдыстарда Қазақстанның ірі компанияларына жеткізіледі. Олардың арсында «Арселор Митталл Теміртау» АҚ, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «ОЗЕЛЕН-ЕЛЕС» ЖШС,  «КАЗТРАНС ОЙЛ» АҚ, «УК ТМК» АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС және т.б. бар.

«Исток 1» ЖШС өндіріп отырған барлық сүт өнімдері тауардың шығу тегі туралы CT KZ сертификатына ие. Сол себепті компания отандық өндіруші ретінде Шығыс Қазақстан облысының бюджеттік ұйымдарына өз өнімдерін жеткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер