«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құрылыстағы әкімшілік кедергі

2016 жылғы 28 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
9060 просмотров

ШҚО-да тағы да мемлекеттік сатып алу байқауында жеткізіп беруші компанияға қойылатын біліктілік талаптарын асыра көтеру жағдайлары тіркелді 

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік сатып алу байқауына қатысу үшін жеткізіп беруші компанияларға қойылатын техникалық біліктігі жөніндегі талаптары тым жоғары болғандықтан, көптеген компания қатыса алмай пұшайман халде отыр.

«Мемлекеттік сатып алу байқауын ұйымдастырушылар құжаттар тізіміне керексіз дүниелерді көп қосады», – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Мәселен, бір мектептің асхана мен фойесін жөндеу үшін мердігерлік компанияға 32 тонна жүкті көтеретін кран, 32 тонна жүк көтере алатын электрлі көпірі бар кран, олардың көтеру биіктігі кем дегенде 50 метр болуы тиіс деген талаптар қойылған.   

Одан бөлек жеткізіп беруішінің штатында бас инженер және өндірістік техникалық бөлімнің инженері болуы тиіс.

«Бұндай талаптар заңға қайшы, шамасы жететін мердігерлік компаниялардың мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеп отыр», – дейді палата өкілдері. 

Кәсіпкерлер мұндай кедергімен бетпе-бет келген кезде ғимарат ішіндегі жөндеу жұмысына кранның не қажеті бар деп таңдануда.

Мұндай жағдай құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу байқауларының бәріне дерлік тән қалыпты жағдай. Сондықтан, олардың жеңімпазы ылғи бір ғана компания болып шыға береді.

SANA мен ABS бағдарламасы кезінде Жобалау сметалық құжатнама жасау үшін тапсырыс берілетін жұмыстарды орындауға талап етілетін техниканың мүмкін нұсқаларын береді. 

Тапсырыс беруші жұмыстың күрделілігіне сай керекті техника мен қажетті көліктер түрін атап көрсетуі тиіс.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер