«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шын жүректен жасалған жақсылық

2016 жылғы 24 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
9788 просмотров

Көкпектіде үшінші әлеуметтік бутик ашылды

Тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарын қолдауға бағытталған  «Бәрі алғыс үшін» акциясына Көкпекті ауданының әрбір округі үн қосты. Бүгінгі күннің өзінде үш ауылдық округ – Көкпекті, Миролюбовск, ал өткен сенбіден бастап Беленскіде әлеуметтік нүктелер ашылып, оған ауылдың кез келген бақуатты тұрғыны киім-кешек, аяқ киім, кітаптарын алып келіп, осы заттарға мұқтаждар жандарға көмектесе алады.

«Бәрі рахмет үшін» акциясының бастамашысы, Көкпекті ауданы бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашеваның айтуынша, жақын уақытта аталған акция бүкіл ауданды қамтитын болады. «Біз осы бастаманың көлемді ауқымға ие болғанына қуаныштымыз. Ауданымызда ауылдастарының проблемаларына немқұрайлы қарамайтын мейірімді азаматтар тұратыны, олардың осы бастамаға түсіністікпен қарап, өз заттарын әлеуметтік бутиктерге беріп жатқаны үлкен ризашылық сезімін туғызады», – дейді Әлия Орымбекқызы.  

Белое ауылында ашылған әлеуметтік бұрыш ауылдық дәмханада орналасқан, оны кәсіпкер Бағжамал Хасенова басқарады. Ол әлеуметтік заттарды орналастыратын тегін орын беруге қуана келісті. Бұрыш ашыла салысымен-ақ округтің аз қамтылған тұрғындары өзіне қажетті заттарды таңдап ала бастады.

Әлеуметтік бұрыштарға арналған заттарды ұйымдастыру және жинау ісінде ШҚО аудандық КП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері көп жұмыс атқаруда.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша өңірде қазірдің өзінде дәл осындай 11 бутик жұмыс істейді және соншасын ашу жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер