«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табысыңды заңдастырсаң, ұйқың да тыныш болады

2016 жылғы 18 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
10403 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында мүлікті заңдастыруға 2 мыңнан астам өтініш берілген

2016 жылдың 1 ақпанына қарай Шығыс Қазақстанда заңдастыруға 9 млрд теңгеден астам сомада 2198 өтініш берілді. Олардың басым көпшілігін жылжымайтын мүлік құрайды. Капиталды заңдастыруға тілек білдіргендер әзірге жоқ.

Бұл туралы Ақпараттық орталықта өткен баспасөз  конференциясында ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий мәлімдеді.

2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлікті заңдастырудың үшінші толқыны өтеді. Содан кейін азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау процесі басталады.

Игорь Шацккийдің сөзі бойынша, кәсіпкерлер мен қарапайым халыққа заңдастырудың пайдасы мен кепілдіктері жайында түсіндіру маңызды. Ал, керісінше жағдайда оның салдары туралы да айту қажет.

«Қазіргі заңдастыру науқаны оңайлатылған тәртібімен ерекшеленеді. Айталық, ақшаны және мүлікті заңдастыру мерзімдері ұзартылды. Ынталандыру ретінде бұған дейін 10 %-ды құраған заңдастыру алымы жойылды. Алымды 2015 жылдың 15 қарашасына дейін төлеген субъектілер, Мемлекеттік кіріс департаментіне қаражатын қайтару туралы өтініш беруіне болады. Заңдастырылмаған мүлікті сатуға, сыйлауға немесе несие алу үшін кепілге қоюға болмайды», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры. Екінші деңгейлі банктерде қазірге дейін 19 шығысқазақстандық тұрғын капиталды заңдастыру бойынша консультация алған, оның ішінде шетелдік шоттардағы қаражат та бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер