«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Семейде киімдер мен тамақ өнімдерін алғыс айтып қана сатып алуға болады

2016 жылғы 05 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
11071 просмотров

Семей қаласындағы жағымды жаңалық: «Барлығы алғыс үшін!» деп аталатын 2 әлеуметтік дүкен ашылды 

Әрбір тарыққан адам дүкенге келіп өзіне қажетті киімді тегін алуына болады. Мұндай дүкендерді ашу идеясы жылдың үздік әлеуметтік бастамасы деп танылды әрі «Халықтың сүйіктісі – 2015» Ұлттық сыйлығына ие болды

Дүкеннің сөрелері азаматтардың қайтарымсыз түрде берілген тауарларымен толығады. Олар таза киім-кешек, аяқ киімдер, балалар киімдері, тамақ өнімдері және басқа да тұтынуға қолайлы заттар болуы мүмкін. Киімдерді қабылдау пункті жұмысын бастап кетті.

«Өзгеше сауда нүктелерін ашу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан мұндай игі шаруаға қолдау білдіреміз, кіші және орта бизнес өкілдерін немқұрайлы қарамай, халықтың әлеуметтік осал тобына жан-жақсы көмек көрсетуге шақырамыз» – деп атап өтті ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Сондай-ақ, ғимарат ұсынып, құрал-жабдықтар әзірлеуге үлес қосқан жекелеген кәсіпкерлерге алғыс білдірді. Бүгінде «Ук Юнис» ЖШС құны 118,3 мың теңге болатын 910 дана жаңа шұлық таратып, материалды көмек көрсеткен. «Смок» базары сомасы 60 мың теңгеге тең ойыншықтармен қамтамасыз етті.

Айта кетуі керек, әлеуметтік дүкендер ашу идеясын қаланың белсенділері мен қоғамшыл тұлғалары көтерген. Артынша идеяға республиканың блогерлері үн қосқан. Идея жылдық үздік әлеуметтік бастамасы деп танылып, «Халықтың сүйіктісі – 2015» сыйлығына ие болды.

«Бұл үлкен марапат. Көмекке зәру қала тұрғындары тарапынан да жоғары бағаланады деп ойлаймын. «Барлығы алғыс үшін» дүкеніне тек табыс тілеймін», – деді осы жобаның бастамашыл-ұйымдастырушыларының бірі Людмила Михайлова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер