«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Пәтер иелерінің кооперативтері – жеке мемлекет пе?

2015 жылғы 30 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
10888 просмотров

ПИК төрағасы жағдайын пайдалана отырып, көрсеткен қызметіне өз еркімен, негізсіз түрде көтеріңкі тариф белгілейді

Жеке кәсіпкер Светлана Алексеева ПИК-тің төлемді ұлғайту мақсатында шартты негізсіз түрде өзгертіп отыратынын айтып, осылай деп хабарлады.

Кәсіпкердің айтуынша, оған ПИК қызметі үшін 5 мың теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлем белгіленген жаңа шарт жасау ұсынылады, яғни бұрын төлеп жүрген сомадан 2 мың теңгеге жоғары.

«Бұрын, 2014 жылы, Алексеева С.Н: жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Альт-Дента» стомотологиясы мен қызмет көрсетуші ұйым - «Ертіс жағалауы, 56» ПИК арасында шарт жасалып, онда ай сайынғы ПИК қызметі үшін 3 000 мың теңге көлеміндегі сома белгіленеді. Бұл жағдайда ПИК-тің негізсіз түрде тарифті арттыру жөніндегі әрекеті түсініксіз, себебі үйдің жертөлесінде орналасқан коммуникацияларды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі бар шығынды өз мойныма алғанмын. Тек жертөлеге барғанда, дәріханаға тартылған коммуникацияларға жөндеу не ревизия жүргізген жағдайда электр энергиясын ғана пайдаланамын. Мұндай баға қайдан келген», - дейді Светлана Алексеева.

Осылайша, ПИК төрағасы қызмет жағдайын пайдалана отырып, өз еркімен, негізсіз түрде көрсеткен қызметіне көтеріңкі тарифтер белгілеуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер