«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Француз тәсілімен жүргізілетін бизнес

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
9975 просмотров

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі «Атамекен» Ұлттық палатасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атады

Бұл туралы Франсис Этьен Өскемен қаласына жасаған сапарында мәлімдеді. Онда Елші Өңірлік кәсіпкерлер палатасында да болып қайтты. 

Француз дипломаты жергілікті бизнес-қоғамдастықтың белсенділеріне жүгіне отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес пен ел Үкіметі арасындағы байланыстырушы тізбек ретіндегі ролінің маңыздылығын баса көрсетті. Оның сөзінше, палатаның заңгерлік мәртебесін көтеру шағын және орта бизнес субъектілері санының өсуіне, әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, дамудың ескірген түйткілдерін шешуге алып келді.

Франсис Этьен Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдерінің жақында өткен «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасымен кездесуінде француз-қазақстандық іскерлік әріптестік дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді көрсетіп, тақырыптың салмақты түрде қаралатынына растау алған болатын.

Франция елшісі жергілікті бизнес-қоғамдастыққа дипломатиялық өкілдер ролін басқа көзқарас тұрғысынан қарауды ұсынды. Оның ойынша, елшіліктер бизнесмендер арасында деңгейлес байланыстар құру мен әріптестік қатынастар құру міндетін мойнына алатын өзінше бір көпір болып табылады.

Француз дипломатын «Buisness France» сауда-экономикалық миссиясы өкілдері, француз аграрлық өнеркәсіп компаниялары эмиссарларының, Қазақстан нарығында он жылдан астам уақыт бойы әрекет етіп келе жатқан бірлескен кәсіпорындар өкілдерінен тұратын топпен бірге жүруі де кездейсоқ емес.

«Бір апта бұрын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мырзамен кездестім. Сұхбаттасу барысында ынтымақтастық мәселелерінің кең көлемін талқыладық. Аталмыш әңгімені дамыта отырып, 2016 жылғы наурыз айында жаңа мекеме – Франция-Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының» құрылатыны жайлы аса маңызды ақпаратты бергім келеді», - деп жеткізді бизнес-қоғамдастыққа Франсис Этьен.

Дәл осы ұйым айналасында Франция мен Қазақстан бизнесмендері арасындағы ынтымақтастықты жаңа серпінмен дамытатын тартылыс орталығына айналмақшы.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өз кезегінде елшіге қызмет басымдылықтары жайлы жеткізіп, екі жақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету төңірегіндегі табысты мысалдар келтірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер