«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот орындаушылары кәсіпкерлерге кедергі келтіруде

2015 жылғы 28 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
12246 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасына бизнесмен сот орындаушының негізсіз әрекетіне шағыммен жүгінді.

Кәсіпкер айтып бергендей, осы жылдың шілде айында ол электронды саудада үш миллион теңгеге жуық бағамен фронтальды тиегіш көлік сатып алады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, аукцион нәтижелері бойынша сатылып алынған мүлік құны төленген соң сот орындаушысы мен аукциондағы мүлікті сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл сатып алушыға мемлекеттік органдағы қозғалатын мүлікті тіркеуге мүмкіндік береді.

«ШҚО Жеке меншік сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке меншік сот орындаушысымен арамызда аукционда сатылған мүлікті сатып алу-сату шарты жасалды, сонымен қатар тұтқынға алынған мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылды. Төлемді толық көлемде жасадық, оны квитанция растайды», - деді жеке кәсіпкер. Алайда сот орындаушысы салған тұтқынның алынбауы себебінен сатып алынған мүлікті ресімдеу мүмкін болмады.

«Мен үшін сот орындаушысы тарапынан ҚР Заңын бұзу қосымша кедергі болып, мен артық уақытым мен жүйкемді құртуға мәжбүр болдым», - деді кәсіпкер.

Кәсіпкерлер палатасы осыған орай облыс прокуратурасына прокурорлық жауап қату шарасын қолдану мәселесі бойынша жүгінді. Аталмыш мәселе сонымен қатар ШҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

Нәтижесінде сот орындаушысы мүлікті тұтқыннан шығарып, осының негізінде кәсіпкер аталмыш мүлікке меншік құқығын тіркей алды.

ШҚО кәсіпкерлерінің көпшілігі осындай оқиғаларға жиі ұшырасып жататынын атай кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер